Алматыда құстардың қанын соратын жыртқыш пайда болды

17 мая 2017

Алматы облысында шаруарлардың үрейін ұшырған белгісіз жануар пайда болды. Ол қораға түсіп, құстарды өлтіріп кетіп отырған. Тұрғындар әуелде қаңғыбас иттерден күдіктеніп, оларды қырып салған. Алайда құстардың өлімі тоқтамапты, — деп хабарлайды Qasym.kz

Ауыл тұрғындарының айтуынша, белгісіз жануар осыдан үш ай бұрын пайда болған. Ол қорадағы құсқа шабуыл жасағанымен де, жемейді екен. Тек қандарын ғана ішіп кетіп отырады. Оның қандай жануар екендігі әзірге белгісіз. Тұрғындар қораға күн сайын күзет қойып, аңдуға көшіпті. Алайда одан еш нәтиже шықпаған. Жұмбақ жануар айласын асырып, құстарды қыруын тоқтатпай отыр. Оның қандай аң түрі болуы мүмкін екенін жергілікті ветеринарлар да түсінбей дал болып отыр.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика