Алматыда феминистер шеруге шықты

8 марта 2017

Алматы қаласында 8 наурыз мерекесін  сылтау қылған бір топ феминист алаңға шықты. «Я не хочу бояться мужчин», «Соблюдение прав и безопасность в женских колониях», «Женщина никому ничего не должна» ұранын көтерген қыз-келіншектер елдегі зорлық-зомбылықты және бір жыныстыларды кемсітуді тоқтатуды талап еткен.

Алаңға шыққан белсенділердің айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда отбасылық зорлық-зомбылықтың үлес салмағы артып кеткен. 

«Соңғы жылдары 8 наурыз гүлдер мен нәзіктіктің мерекесіне айналды. Жұрт әйел адамдар үнемі нәзік әрі сұлу болуы керек дейді. Біз бұл дәстүрді бұзып, 8 наурыздың шынайы мәнін қалпына келтіргіміз келеді. Яғни әйелдер еркектермен тең болуы керек. Әйелдер жұмыста, көшеде, қоғамда ерлермен бірдей таңдай жасай алуы тиіс. Ер мен әйел деп бөлінуге қарсымыз. Біздің елде бұл үдеріс кенжелеп қалды, — дейді шерушілер.

Олардың айтуынша, әйел адам бала тууға міндетті емес. Бұл әркімнің өз таңдауы. 

Айта кету керек, шеру барысында тәртіп бұзушылықтар орын алмаған. Құқық қорғаушылар тарапынан ескерту де айтылмаған.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика