Әлемдегі ең жайлы қала анықталды

5 мая 2017

Deutsche Bank сарапшылары адамның еш нәрседен тарықпай өмір сүруіне қолайлы ТОП-10 қаланың тізімін шығарды. Көш басында Жаңа Зеландияның астанасы Веллингтон қаласы тұр, — деп хабарлайды Qasym.kz 

Stuff.co.nz порталының дерегінше, Веллингтонда сән-салтанаты келіскен сауда үйлері немесе ұзақ ғасырлық тарихқа ие архитектуралық ғимараттар жоқ. Алайда баспана бағасының арзандығы, қылмыс статистикасының төмендігі, қоршаған ортаның тазалығы, дәрігерлік көмек сапасының жоғарылығы қаланы әлемдегі ең жайлы мекенге айналдырып жіберген. 

Ондықтың екінші сатысында шотландиялық Эдинбург қаласы тұрақтаса, үшінші орында австриалық Вена тұр. Әрі қарай: Мельбурн (Австралия), Цюрих (Швейцария), Копенгаген (Дания), Оттава (Канада), Бостон (АҚШ), Амстердам (Нидерландия), Сидней (Австралия).

Айта кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан US News & World Report журналының әлемдегі ең жайлы елдерінің тізіміне кірген болатын. Еліміз тізімдегі 80 елдің ішінде 71 орынға тұрақтады.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика