Әлемдегі ең қарт адам көз жұмды

1 мая 2017

Әлемдегі ең ұзақ жасаған адамдардың бірі, 146 жастағы индонезиялық  Сапармен Содименджо (Saparman Sodimejo)  Ява аралында көз жұмды. Оның жасына келген адамдар санаулы ғана. Бірақ   Сапармен әлемдегі ең қарт адам атағын ресми түрде иеленбеген. 

12 сәуір күні денсаулыға күрт нашарлаған қарияны туыстары жергілікті ауруханаға жатқызады. Алайда ол үйіне қайтаруды талап еткен. Оның нақты жасын ешкім білмейді. Өйткені ол 1900 жылға дейін дүниеге келген. Индонезияда тек сол жылдан кейін туылғандардың ғана жасы есептеле бастаған болатын. 2014 жылы қолына алған куәлігіне сәйкес, Сапармен 1870 жылдың 31 желтоқсанында дүние есігін ашыпты.

Деректерде Сапарменнің өмір бойы темекіні көп шеккені және ұзақ жасауының себебі «махаббатта» екені айтылған.

Ол өзінің 4 әйелінен, 10 іні-қарындасынан және барлық балаларынан артық өмір сүрген. Немересі Содименджоның 1 мамыр күні жерленгенін айтып берді. Қария бірнеше жыл бұрын-ақ өзінің көрін дайындап қойған екен.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика