Әлем халқы неден қорқады?

4 августа 2017

Американың зерттеу орталығы «әлем халқы неден қорқады?» деген сипатта зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Сонымен Жер шары халқының үрейін алып отырған нәрсе не? Pew Research Centerмамандарының сауалнамасына сенсек, планета тұрғындары ең алдымен «Ислам мемлекеті» лаңкестерінің  әрекетінен қорқады екен. Ауа райының жаһандық жылынуы мен хакерлік шабуылдар мен әлемдік экономиканың күрт құлдырауы, Сирия мен Ирактағы босқындардың тағдыры да халықты қатты алаңдататын көрінеді. Сондай-ақ, сауалнама нәтижесі көрсеткендей, АҚШ, Қытай мен Ресейдің әлемдік саясаттағы ықпалы да жұртшылықты ойлантып отырған көрінеді.

Әлемнің 38 елінен сауалнама алған орталық мамандары «Ислам мемлекеті» содырлары мен жаһандық жылыну әлем халқының қазіргі кездегі №1 үрейленетін мәселесі екеніне көздері жеткен. АҚШ, Ресей мен Қытайдың әлемдік саясаттағы ықпалынан қорқатындар да бар. Сауалға қатысқандардың 35 пайызы   –  АҚШ-тың саясатына, Ресей мен Қытайдың ықпалына респонденттердің 31 пайызы алаңдайды екен. Әсіресе поляктардың 65 пайызы Ресейден  қорқатынын айтқан. АҚШ-халқының – 47 пайызы, Иорданияның – 49 пайызы, Оңтүстік Кореяның – 46, Францияның -45, Кенияның -39 пайызы Кремльдің саясатынан жақсылық күтпейтінен атап көрсеткен. Сауалнамаға қатысқан АҚШ тұрғындарының 47 пайызы болашақта Ресей тарапынан үлкен қауіп бар деп есептейді.  Америкалық демократтардың 61 пайызы, республикашылдардың 36 пайызы болашақта әлемдік саясатта Ресейдің ықпалы арта түседі деген көзқараста. Ал америкалықтардан үрейленетіндер бар ма?

Сауалнамаға жауап бергендердің ішінде испандықтардың – 59, еуропалықтардың – 31 пайызы Ақ үйдің барған сайын артып бара жатқан ықпалына алаңдайтын көрінеді.

Еуропаның 10 елі «Ислам мемлекеті» содырларынан, АҚШ, Канада мен Ресей халқы да ДАИШ ұйымын «әлемде қатер төндіріп отырған топ» деп есептейді. Француздардың – 88, итальяндықтардың – 58 пайызы ДАИШ лаңкестерінен қорқатынын айтқан.

Болашақта ғаламдық жылынудың үлкен қатер төндіретінін Испания халқының –  89, Швецияның – 69, Канаданың- 60, Чили мен Аргентина тұрғындарының 76 пайызы атап көрсеткен.

Ал Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының сауалнамасы басқа нәтижені көрсеткен. Сауалнамаға қатысқандардың 50 пайызы АҚШ саясатына алаңдайтынын айтқан. Сонымен қатар ресейліктерді бағаның күрт өсуі де қатты үрейлендіретін көрінеді.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

«Айқын» газеті


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика