Алексей Нестеренко: «Ресейге жауап беретін кез келді»

8 марта 2017

ПутинБұл күнді есте мықтап сақтаңыздар, өйткені бұл күн Украина үшін, кезінде жерліктердің космосқа алғаш ракета ұшырып тарих ағысын басқа арнаға бұрғанындай, тарихи күн.

Бүгін, 6 наурыз 2017 жылы Гаагадағы халықаралық сот тәуелсіз мемлекет ретінде Украинаның Ресейді халықаралық терроризм және оны қолдағаны, расизм мен этникалық тазарту жүргізгені үшін айыптап түсірген талап-арызын қарауды бастады.
Бұл Еуропа жылнамасындағы жолайрық, өйткені Украина алғаш рет ресми түрде және жаһанға жар сала отырып, Кремльді барлық сұмдық қылмыстары үшін жауапқа тартып отыр. Бұған дейін Кремль барлық тарихи қылмыстары үшін жауапқа тартылмақ түгілі, ол қылмыстар ресейліктердің бірнеше ұрпақтарының ұлттық мақтанышы болып дәріптеліп келді.
Біз тәуелсіз мемлекет ретінде тарихта алғаш рет Ресейді барлық қылмыстары үшін жауапқа тартып отырмыз.
Ия, бізде жинақталып қалған кек, ашу-ыза жеткілікті, бірақ біз эмоцияға жол бере алмаймыз, өйткені сот тек қана фактілерді қабылдап, бағалайды. Біз қазір дұрыс жолды таптық және жақсы стратегияны ойластырдық, өйткені Кремль соңғы үш жылда әдіскерлікпен, дегенмен де бірақ асығыстықпен барлық халықаралық соттардан, оның ішінде Гаага трибуналынан да, сытылып кетіп отырды. Өйткені олар өздерін қандай жаза күтіп тұрғанын жақсы біледі, сондықтан да алдымен өз қарақан бастарын құтқарумен айналысты. Сөйтіп олар елді ең соңғы кезекке қойды. Сондықтан да елді жауапкершіліктен құтқарып қалуға үлгере алмай қалды.
Іс Гаагада, азаматтары Малайзия Боингінде орыс терроршыларының қолынан қаза тапқан Нидерланды елінің қаласында қаралып жатыр.
Сонымен қатар, Нидерландыда Ресейдің барлық қаражаты, Резерв қоры мен Ұлттық даму қоры сақталады. Мұның бәрі Ресей ақшасы. Бәрі!
Егер Ресей БҰҰ сотының шешімін орындамаса, оған Қауіпсіздік кеңесіндегі вето құқығы да көмектесе алмайды. БҰҰ сотының шешімін әлемнің барлық елдері сөзсіз орындауға міндетті. Әрине, алдымен оны Нидерланды орындайтыны анық!
Украина Ресей агрессиясы келтірген барлық шығынды өтеуді талап етіп отырғандықтан, әрине, бұл қорлар бұғатталады, конфискацияланады. Сонымен қатар ұшақтар мен корабльдер, құбырлардағы мұнай мен газ, мем. компаниялардың активтері мен бағалы қағаздары, т.б. бұғатталатын болады.
Мұның бәрі тек басы ғана. Бұл тыңдау – көптеген талап-арыздардың бірі ғана. Алда әлі Боинг бар.
Көп асқанға бір тосқан. Ресейге ірі көлемде жауап беретін кез келді.

Тәржімалаған: Қуаныш Еділхантегі


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика