Алдағы күндері қандай ауа-райы күтілуде?

17 Шілде 2017

«Казгидромед» РМК 2017 жылғы 18-20 шілдеге арналған ауа-райы болжамын ұсынды.

ауа райы

Тұрақсыз ауа-райы республикамыздың шығыс бөлігінде әліде сақталуда, Батыс Сібір аймақтарынан ылғалды және салқын ауа ағындары келуі жалғасуда.  Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді желдің күші 15-20 м/с болып, күндізгі уақыттарда бұршақ болуы ықтимал, ауа температурасы шамамен 20…27°С, қалыпты нормадан 2-4ºС төмен болады деп күтілуде.

Республиканың  батысы мен оңтүстігінде жоғары қысым аймағы әсерінен, ауа-райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы нормаға жуық және жоғары болады деп күтілуде.  Қазақстанның оңтүстік-шығысында өткінші жаңбыр әсіресе таулы аймақтарда күтілуде.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика