АЛАТАУ

3 Қаңтар 2018

Алатау бұлт асырмай асқарынан
Тұр қарап туған дала аспанынан.
Асылып Алатауға ай менен күн,
Жарқылдап шұғыла шашқан тастарынан.

Алға алып кең даласы- дастарқанын,
Алатау- ашқанда той – ақсақалым.
Жаңқыртып жер сарайын ән шырқаймыз,
Ту етіп туған халық жақсы атағын.

Құшақтап Қазақстан астанасын,
Алысқа Алтауым,көз саласың .
Алатау- айдын дала қариясы
Көтерген төбесіне өз баласын.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика