«АЛАШ ОРДА» МЕН ХАЛИФА АЛТАЙДЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАП АС БЕРІЛДІ

6 Шілде 2017

Еліміздің  тәуелсіздік алып, өркендеп дамумен бірге тамырлы тарихымыз қайта жаңғырып, егемендігіміздің еңсесі биік, іргесі бекем. Ұлы дала Көш басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтің 2017 жылғы халыққа жолдауы мен 12 Сәуір күнгі «Болашаққа бағыдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласына сайкес, ел тарихында аттары алтын әріппен жазылған, кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге болған Алаш арыстарын еске алыу, олардың ұлы еңбектерін ұрпақ санасына сіңіру нықтап қолға алынды.

Осыған орай, ғұлама-ғалым, жазушы, дін танушы, ақын Халифа Алтай  Ғақыпұлының туылғанна ғасыр толуына байланысты оның еңбектері мен өмір кешірмелерін, отаншылдық рухын нәсихаттау және рухына арнап ас беріп, құран бағыштау мақсатында 2017 жылы 29 маусым күні «Халифа Алтай» халқаралық қайырымдылық қоры, Халифаұлы Абдырайым Алтай, Қайнола Зейноллаұлы, Барлыбай Бауржан Әбдіманатұлы, Дәулетжан Шаймұранұлы, Алмас Бекжанұлы, Нұрбақыт Атанұлы, Айбек Асқабылұлы, Сайранбек Әбдімәлікұлы, Адалбек Қатыранұлы, Гүлнұр Оразбайқызы және ғылыми конференцияның ұйымдастыруына жауапты Жарқынбек Жұмаділ қатарлы азаматтардың атсалысумен Талдықорған қаласында «Алаш» партиясы мен көрнекті қайраткер, ағартушы-ғалым Халифа Алтайдың 100 жылдығына орай «Ұлттық сана және рухани жаңғырудағы тектілік феномені» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция және алаш арыстары мен Халифа Алтайдың рухына арналған ас өткізілді.

Игілікті шараның құрметті қонақтары ретінде, игі жақсылар және өнер тарландары мен елімізге танымал спорт саңлақтары қатысты. Айталық жазушылардан Дулат Исабеков, Бақыт Беделхан, Қанат Тілеухан бастаған топ аста бой көрсетті. Спортшылардан Қанат Ислам, Жасұлан Қыдырбайев. Өнер адамдарының ішінде әнші Рамазан Стамғазиев, Өмірқұл Әйниязов, Жұбаныш Жексенұлы, Талғат Жорабаевты атауға болады.

Халифа Алтайдың ұрпақтарыда іс-шараның басында болды. Оларды атайтын болсақ: Бибәтіш Алтай Жүніс қызы – Халифа Алтайдың жұбайы (Алматы қаласы),  Әбдірақиым Алтай – Халифа Алтайдың Халқаралық қайрымдылық қоры төрағасы (Алматы, қаласы), Әбдулсәмет Алтай –  Халифа Алтайдың үлкен ұлы (Франция, Париж), Шакира Алтай – Халифа Алтайдың қызы (Түркия, Ыстамбұл), Шекүре Алтай – Халифа Алтайдың қызы (Түркия, Ыстамбұл),  Мешкүре Алтай – Халифа Алтайдың қызы (Түркия, Ыстамбұл), Айсен Алтай – Халифа Алтайдың қызы (Түркия, Ыстамбұл), Ясемин Алтай – Халифа Алтайдың немересі (Түркия, Ыстамбұл), Селим Алтан – Халифа Алтайдың немересі (Түркия, Ыстамбұл), Айналқан Алтан – Халифа Алтайдың келіні (Түркия, Ыстамбұл).

Халифа Алтайдың күйеу балалары : Нехмет Овалі (Түркия, Ыстамбұл), Башри Сөнмәз (Түркия, Ыстамбұл).

Бұл айтулы іс-шараға игі жақсылар жиналды. Ас берілді, Халифа Алтайдың әруағына арнап құран оқылды, ғылыми конференцияда Дулат Исабеков бастаған игі жақсылар баяндама оқыды.

Олардың қатарында: Ислам Жеменей, филология ғылымдардың докторы, профессор, ҚР мәдениет қайраткері, Халықаралық түркі мәдениетінің қоры Стратегиялық зерттеулер комитетінің төрағасы (Алматы қаласы), «Халифа Алтай – қазақ руханиятының ойшыл қайраткері». Ерімбетова Құндызай, Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты (Астана қаласы), «Қазақтың тектілік феномені ( Халифа Алтай мысалында)». Аманқос Мектеп-тегі Құлтанұлы, Филология ғылымдарының кандидаты, доцент(Алматы қаласы), «Азаттық үшін азапты ғұмыр кешкен». Өтениязов Самат Көшенұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, Мадрид университетінің профессоры(Алматы қаласы), «Халифа Алтай әдеби мұрасының тарихи маңызы». Ашамайлы Сиезхан Дәулетханұлы, жазушы – зерттеуші (Өскемен қаласы), «Шығыс Қазақстандағы Шақабай батыр есімімен байланысты топонимдік атаулар». Досан Баймолда, PhD докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры (Алматы қаласы), «Халифа Алтай және шетелдегі қазақтар». Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы, тарих ғылымдарының докторы, доцент, Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитеті Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері (Алматы қаласы),«Қазақ диаспорасының исламға қайта бет бұруы: Халифа Алтайдың қосқан үлесі».

Халифа Алтай халықаралық қайырымдылық қоры ас пен ғылыми конференцияға ат салысқандардың барлығына дипломдар мен хаттар тапсырды.

 Жарқын Жаналтай

«Қасым» порталы


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика