Алагөзов Төреғалиға өлең арнап, халықтан кешірім беруді сұрады

25 декабря 2017

Әлеуметтік желіде өзінің хике айналған өлеңдерімен танылған Қайнар Алагөзов халықтан Төреғали Төрәлінің тентектігін кешіруді сұрады. Мына өмірде ешкімнің де күнәсіз еместігін айтқан азамат жан жолдасының қасынан табылатындығын жеткізген. 

“Армысың, Ұлы Қазақ, ұлым деген,
Ешқашан осалдығы білінбеген.
Күніне мың бір бəле көрсе-дағы,
Алладан күдер үзіп, түңілмеген.

Қателесіп кешірім сұрағанды,
Меніңше, дұрыс емес жұлып жеген.
Төрешті табалайтын адамдардың,
Ішінде кім бар екен сүрінбеген?!

Қайсың бар қарауылға ілінбеген,
Ұяттан өліп, қайта тірілмеген.
Расында, бұл қоғамда кім бар екен,
Сəбидей əппақ ары бүлінбеген.

50-ді ердің жасы деген қазақ,
25 – ойнақтаған құлын деген.
Төрешке кешіріммен қараңыздар,
Жүрегі тынышталсын дірілдеген.

Жасымнан жан жолдасым, інім деп ем,
Көп онда ақыл-өнер, білім деген.
Күншілдер даттаса да, боқтаса да,
Қасында қалам оның түбінде МЕН!” 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика