Алакөзов ажыраспайтын болды (23:30-да жаңартылды)

1 Наурыз 2017

  1. ТұрсынғалиАлакөзов ажыраспайтын болды Баян Есентаеваның күйеу жігіті Тұрсынғали Алакөзов әйелі Ляйсира Алакөзовамен ажырасқысы келмейді. Ол Алматы қалалық сотына бұрынғы жарымен қайта татуласқысы келетіндігін айтып өтініш білдірген.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Ляйсира Алакөзова сотқа ажырасу туралы арыз қалдырады. Арыз негізінде азаматтық іс қозғалып, сот процесіне дайындық басталады. Тараптар ақпан айының 14 күні жүздесуге шақырылған. Осыдан соң Тұрсынғали Алакөзовте сотқа ажырасқысы келетіндігін айтып арыз қалдырады. Сот келесі жүздесу уақытын наурыз айының 1 күнге белгілейді. Алайда ақпан айының 23 күні Тұрсынғали Алакөзов әйелімен татуласқысы келетіні туралы өтініш жазған. Сот тараптарға татуласуға уақыт берді. Келесі жүздесу наурыз айының 9 күні өтеді.

Айта кетейік, осыған дейін Т.Алакөзов әйелімен ажырасып, көктем айында Баян Есентаевамен үйленетіндігін хабарлаған болатын. Ал Тұрсынғалидың қызы болса, ата-аналарының әлі күнге дейін ажыраспағандығын және ажыраспауы да мүмкін екендігін жазған.

Ар жағы қалай өрбитіні әзірше беймәлім.  Осы материал жарияланғаннан кейін, «Қасым.kz» редакциясына Тұрсынғали Алакөзовтің көмекшісі хабарласып, түсініксіздік орын алғанын, Алакөзовтің ажырасу туралы ойынан таймайтынын жеткізді. Алматы қалалалық сотының құжаты ше?! Түсініктеме кейін берілмек… 

Ал Алакөзовтің айтуынша, 14 ақпанда ол біржақты арыз түсірген. Төрт күн ішінде судья тағайындалған. Бүгін бірінші сот тыңдауы өтті, оның барысында Алакөзовке: «Сіздің әйеліңіз тараптардың татуласуы туралы өтініш түсірді» деді.

Мен татуласудың болмайтынын айтып, ажырастыруды сұрадым. Судья «жақсы, 9 наурызда келіңіз» деп жауап қатты», – дейді  Тұрсынғали Алагөзов. 

Сұлтан Жомартұлы

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика