Акула студент қызды ата-анасының көзінше жеп қойған

30 мая 2017

17 жастағы Летисия Брауэр акуланың шабуылынан кейін қайтыс болған. Бұл оқиға Батыс Австралияда орын алған екен. Летисия әкесімен бірге серфингпен айналысқан. Сол кезде акула оның сол аяғын тістеп, суға құлатқан. Әкесі қызының айқайын естігенімен ештеңе істей алмапты. Ол тек қызының су астында қалай өлгенін көргеннен басқа амалы болмаған. Алайда әкесі қызын қалай екені белгісіз жағалауға шығарыпты. Ал анасы мен Летисичяның сіңлісі судың Летисияың қанымен қалай қып-қызыл болып жатқанын көргенде шошып кеткен, — деп хабарлады qamshy.kz.

«Ол мұхитқа қатты құмартатын және ол өз сүйікті ісімен айналысқан күйде қайтыс болды», — дейді оның ағасы.
Летисия қайтыс болған Уайли-Бич жері қазіргі кезде уақытша жабылған. Әкесі қолынан келгенін барлығын істеген, бірақ ол ауруханаға бара жатқан кезде қайтыс болыпты. Сонымен бірге акула серфтің бір бөлігін тістеп алған. Қазр серфті полиция қызметкерлері сараптамадан өткізіп жатыр. Серф арқылы Летисияға қандай акула шабуыл жасағанын анықтауға болады екен.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика