Актриса: Өзге ұлт өкілдерімен тұрмыс құрғандар… қан жылатады

26 марта 2017

Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының актрисасы, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Ләззат Қалдыбекованы көпшілік «Балапан қаз», «Асығамын арманға» және тағы басқа да әндерді шырқап жүрген әнші ретінде де жақсы біледі,-деп хабарлайды Qasym.kz. 

Өзге ұлт өкілдерімен тұрмыс құрған құрбыларым жүрегімді қан жылатады,-дейді актриса.

– Қазақ қыздарының қытайлық азаматтармен бас қосуына, әрине, үзілді-кесілді қарсымын. Өйткені, қазақтың қара нардай жігіттері тұрғанда өзге ұлттың азаматымен қол ұстасып, шетел асу ақылға сыймайтын дүние. Сондықтан да, қоғамның наразылығын туғызып жатқан осындай келеңсіз әрекет мені де бей-жай қалдырмайтыны анық.
Қазақ қыздарын айбынды азаматтарымыз лайықты қорғай алатынына сенімдімін. Кейде тойларға шақыртумен барған сәтімде қазақ қызының өзге ұлттың азаматтарымен бас қосып жатқанын көргенде, шынымды айтсам, жүрегім қан жылайды. Бірақ мұндай тойларға талай рет куә болып жүрмін. Дегенмен, өте өкінішті.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика