Ақтөбедегі жантүршігерлік жол апатынан қайтыс болған қыздың әпкесі мәлімдеме жасады

11 июля 2017

Ақтөбе қаласында орын алған жантүршігерлік жол апатынан көз жұмған 18 жастағы Сюзанна Гамидованың әпкесі әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады. Өзінің ең жақын адамынан айырылған бойжеткен бұл қазаға көндігудің ауыр екенін айтып отыр, — деп хабарлайды Qasym.kz

«Мен бұлай жазамын деп еш ойламаған едім… Осы уақытқа дейін мен өз жақындарымнан айырылдым. Бірақ қазаның мұншалықты ауыр боларын сезінбеген екенмін. Бәрі түсім тәрізді. Мен жан дүниеңнің күйзеліске ұшырап, қатты қайғырудың не екенін білмедім… Кеше бәрін түсіндім. Маған бөгде адам қоңырау шалып, сіңілімнің қайтыс болғанын айтқанда бәрін түсіндім…», — деп жазды Сюзаннаның әпкесі.

Қайтыс болған қыз Ақтөбе қаласына демалысқа барған екен. Оған он тоғыз жасқа толуына небәрі екі ай ғана қалған. Оны қағып кеткен қыз Ақтөбе қаласының тұрғыны небәрі екі ай бұрын ғана жүргізуші куәлігін алған екен. Ол көлікті игере алмай, жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, екі адамды қағып кеткен. Қыз бала жарақат салдарынан көзжұмды. Ал жігіт ауруханаға жатқызылды. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика