Ақтөбеде жас жігітті атып кетті (видео)

12 Наурыз 2018

Ақтөбенің орталығында қарудан оқ атылып, бір адам жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Ақтөбеде облысы əкімдігінің маңында орын алған. Əзірге күдікті ұсталған жоқ. Ал жараланған жас жігіт ауруханаға түскен.

«11 наурызда сағат 08:05-те Ақтөбенің Абай даңғылы  бойында  белгісіз біреу травматикалық қарудан оқ атып, 25 жастағы жігітті жаралаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сот алды тергеу басталды. Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық»бабы бойынша іс қозғалды»,- деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика