АҚШ-да сланец төңкерісі әлемдік энергетикалық рынокты сілкіндіретін болады.

4 июня 2019

АҚШ-да сланец төңкерісі әлемдік энергетикалық рынокты сілкіндіретін болады.


Американдық сланец төңкерісінің екінші толқыны алдағы бес жылда орын алады, деп Халықаралық Экономикалық Агеттігінің сарапшылары мәлімдеді.

Нәтижесінде, ғаламдық өзгерістер әлемдік мұнай нарығын күтеді. 2021 жылға дейін Америка Құрама Штаттары нетто-экспортшыларға айналады, ал 2024 жылға қарай олар Ресей Федерациясынының мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттауда озып шығады және әлемдік көшбасшы — Сауд Арабиясына жақындай түседі.

Алдағы бес жылда АҚШ-ры әлемдік мұнай өндірудің 70 % және сұйытылған табиғи газ (СТГ) саудасының 75 % өсімі олардың үлесінде болады екен. Бұл жанармай мен энергетикалық нарықтарға соққы беретін болады, сондай-ақ геосаясатқа әсер етеді, деп ХЭА сарапшылары хабарлайды.

АҚШ болашақта күніне 9 миллион мұнай баррельді экспорттайды: бұл әрқайсысы 4,5 миллион баррель мұнай мен мұнай өнімдері. Қазіргі уақытта олар тәулігіне 2 млн. баррель мұнай және күніне 5 млн. баррель СТГ және мұнай өнімдерін жеткізеді.

Алдағы жылдарында «қара алтын» саудасында Бразилия, Норвегия және Гайана елдері жетікші рөліне айналады. Сондай-ақ, Ирак басқа елдерге мұнай жеткізу көлемін арттырады, ал Иран, Венесуэла және Ливиядағы мұнай өндірісіні төмендеп кетеді екен, айтады сарапшылар.

Өз болжамдарына сәйкес, мұнайға халықаралық сұраныс шектелген қарқынмен өседі. Бұл сауда-саттық соғыстарына, Brexit жағдайдың белгісіздікке және Қытай экономикасының өсу қарқынының төмендеуіне ықпал етеді. Бес жылда сұраныс 2024 жылы 5,8 миллион баррельге — күніне 106,4 миллион баррельге дейін артады. Мұнайдың негізгі тұтынушысы Қытай болып қала береді.

Мұнай-химия өнеркәсібіне электромобильдерге сұраныстың өсуі және отын нарығындағы тиімділіктің артуы әсер етпейді. Бензинге сұраныс осы саланың дамуын, сондай-ақ авиациялық отын мен пластмасса қажеттілігін қамтамасыз етеді. Сарапшылар ОПЕК-ке мұнай өндіруді

қысқарту туралы келісімді ұзартудан бас тартқанын күтуде: бұл бағаны көтеруге және нарықты тұрақтандыруға бағытталады. Өткен кезеңде ХЭА болжамы 2023 жылға қарай мұнайға деген сұраныстың өсу қарқынын бәсеңдететінін болжады.

Сонымен, АҚШ-ның мұнай өндірудің табыстылығына байланысты Ресей өте ауыр жағдайға ұшырауы әбден мүмкін. Ресей Федерациясы үшін мұнай-газ тетігі күшті қысым құралы болып табылады, оған төтеп бере алмайды.

Керімсал Жұбатқанов,
тарих ғылымдарының кандидаты,
Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті.


Бөлісіңіз:


Обсуждение закрыто.

Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика