Ақ боз ат мінген ханзадалар: 12 ең бай үйленбеген жігіттер тізімі

28 сентября 2018

Бұл тізімде шоу-бизнес, ІТ сфера өкілдері мен атақты әулеттен шыққандар мен нағыз ханзадалар бар.

12. Патрик Шварценеггер, 24 жаста

Ақшасы бар, келбетті, текті жігіттен артық кім болуы мүмкін? Патрик мұның бәріне ие. Әкесі — атақты актер Арнольд Шварценеггерді білмейтін адам жоқ шығар, ал анасы болса Кеннеди әулиетінен. Патриктің нағашы әжесі Джона және Роберт Кеннедилардың апайы. Жас жігіт ата-анасының танымалдығына қарамастан, өз күшімен модель, актер маңсабын қууда.

11. Роберт Паттинсон, 31 жаста

Алғаш рет Роберт Паттинсон Гарри Потер жайлы фильмдердің бірінде Седрик Диггори рөлінде байқалған. Алайда нағыз танымалдылық «Сумерки» фильмінде вампирдің рөлінен кейін байқалады. Роберт People журналының ең сымбатты жігіттер тізіміне бірнеше рет енген болатын. Осыған дейін Кристен Стюарт сияқты атақты қыздардың жүрегін жаулаған жігіт бүгінде бойдақ.

10. Джек Дорси, 41 жаста

Twitter әлеуметтік желісі мен Square мобильді төлем сервисін құрастырушысы Дорсидің миллиардтаған ақшасынан басқа Голливуд жұлдыздарынан кем түспейтін келбеті бар. Әрине, интеллект жайлы айтудың өзі артық. Ең қызығы — оның программистік білімінен басқа, массажист мамандығын да меңгерген екен. Тіпті, сол мамандық бойынша жұмыс та істеген.

9. Джеймс Франко, 40 жаста

Джемс — актер, режиссер, сценарист, жазушы, Нью-Йорк университетінің оқытушысы, әрине, жер шары әйелдерінің сүйіктісі. Сонымен қатар, Франконың басқа артықшылықтарына қоса ол өте білімді азамат. Колумбия университетінің әдебиет пәні бойынша магистрі.

8. Принц Артур Чатто, 19 жаста

Артур — британдық тақ мұрагерлері Уильям мен Гарридің жақын туысқаны, өзі британдық тақтың 23 мұрагері. 2011 жылы ол Кейт көйлегінің шлейфін ұстап жүрген кішкентай бала еді, бүгінде қыздардың арманындағы ханзадаға айналады.

7. Павел Дуров, 33 жаста

Кәсіпкер, программист, долларлы миллиардер, «Вконтакте» әлеуметтік желісі мен «Тelegram» мессенджерін ойлап табушы. Өз ойын қайда болмасын ашық айта алатын жан. Дуровті көбісі ресейлік Марк Цукерберг атап кеткен.

6. Ханзада Лоренцо Боргезе, 45 жаста

Италияндық ханзада Лоренцо Боргезе Миланда дүниеге келген, қазір Нью-Йоркте тұрады. Жануарларға арналған органикалық косметика шығаратын фирмасы мен жануарларды қорғау фонды бар. Болашақ сүйіктісін іздемеген жері жоқ. Тіпті, екі телевизиялық шоуда — американдық «Бойдақ» пен голландиялық «Ханзадалар сүйіктісін іздейді» шоуларына да қатысқан. Алайда, әлі күнге дейін өмірлік жарын таба алмаған.

5. Шейх Хамдан ибн Мохаммед Аль Мактум, Дубай мұрагер ханзадасы, 35 жаста

Дубайлық ханзаданы көбінесе диснейлік Алладинмен немесе «Мың бір түн» ертегісінің кейіпкерімен салыстырады екен. Ол адам таң қаларлықтай бай, білімді, әрі келбетті жігіт. Экстремальды спорт түрлерін жақсы көреді, туған жері мен отбасына арналған өлеңдер жазады, инстаграм парақшасын да ұмытпайды, қайырымдылықпен айналысады, мүгедек жандар мен сырқат балаларға көмек көрсетеді.

4. Патрик Коллисон, 29 жаста

Жас компьютер дарыны долларлы миллиардер. Өзінің алғашқы компьютерлік курсын Патрик 8 жасында Лимериктік университетінде өткен. Он жасында жирен шашты ирландық программалауды тереңінен оқи бастады.

EBay интернет-аукционында сатып алу операцияларын жүзеге асыратын бағдарламаны құрастырған алғашқы компаниясын сатып, 19 жасында долларлы миллионер атанды. Келесі жылы ағасымен қосылып Stripe компаниясын ашу арқылы миллиардерге айналды.

3. Ян Кум, 42 жаста

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі. WhatsApp мессенджерінің негізін қалаушы, Facebook империясында екінші адам. Қарапайым үй шаруасындағы әйел мен жүргізушінің отбасында Украинада дүниеге келген. Отбасы өте кедей тұратын. 1992 жылы Ян анасымен АҚШ-қа жол тартады. Ол 19 жасынан программалаумен қызыға бастайды. Тоғыз жыл бойы Yahoo компаниясында қызмет етеді.

Ол 2009 жылы өзінің алғашқы iPhone-нын алады. Нақ осы сәтте Янға WhatsApp мессенджерін жасау ойы келеді.

2. Хью Гросвенор, 7-ші герцог Вестминстер, 27 жаста

Британдық ақсүйек. Әкесі қайтыс болғаннан кейін Вестминстер герцогы атанып, мұраға қалған бар байлықтың иесіне айналу арқылы, Ұлыбританияның ең жас миллиардеріне айналды. Оның анасы жағынан жеті аталарының ішінде әйгілі орыс ақыны А.С.Пушкин бар. Бар байлығына қарамастан Хью жеке кәсіппен де айналысады.

1. Илон Маск, 46 жаста

Ғасыр данышпаны аталып кеткен Канадо-Америкалық инженер ғажайыпты шындыққа айналдыратын екі компанияның бас директоры. Оның бірІ SpaceX космос ракеталарын жасаумен айналысады. Бұл компанияның мақсаты — Марсқа ұшу. Екінші компания, Tesla Motors электромобильдерді құрастырумен айналысады.

Маск — долларлы миллиардер. Ол екі рет үйленген, 5 ұлы бар. Қазіргі уақытта бойдақ. Миллиардер өз сөзінде отбасылық жылуға мұқтаж екенін, өзінің өмірлік жарын іздеп жүргенін айтқан болатын.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика