Айқынның досы әншінің құпиясын айтып қойды

12 февраля 2018

Айқынның ең жақын досы Дастан Оразбеков журналист Зарина Мүсілімнің «Сөккен әңгіме» бағдарламасында әншінің құпиясын ашып қойды. Ол Жұлдыз Өмірғалиға үйленген досы екі отбасына да үлгеріп жүргенін сөз етті.

Дастан Оразбеков Айқынның өмірінде орын алған жайт үшін досын еш сөкпегенін айтты. Оның пікірінше, бірнеше әйел алу — қазақта бұрыннан бар.

«Мен сөккен жоқпын. Өтірік айтпай-ақ қояйын. Одан әлдеқайда ауыр қателік жасап жатқан адамдар бар. Ол ел алдында жүргеннен кейін ғана сынның астында қалды. Оның бір жақсы қасиеті, ол алғашқы жанұясын тастап кеткен жоқ. Олардан кетіп қалған жоқ. Ол солармен бірге. Барып, бос уақытын солармен өткізіп, барын беріп жатыр. Баласына, қызына барып, екі жаққа да үлгеріп жатыр. Оның бұл әрекеті соншалықты жаман емес», — деді ол.

Дереккөз: nur.kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика