Айқын Төлепберген жартылай жалаңаш қыздарды қорғап сөйледі

23 сентября 2017

Айқын Төлепберген халықтың сыни пікірінен қорықпайтынын дәлелдеп келеді. Мұны түсіріп жүрген бейнебаяндарына қарап аңғаруға болады. Мысалы, “Өмірім айқын” бейнебаяны жарыққа шыққан кезде, “жартылай жалаңаш бойжеткендерді көрсетті” деп бетін шымшығандар аз болған жоқ. Бұған әншінің айтары бар екен.

Бұл туралы Hit TV арнасы хабарлайды.

“Соңғы бейнебаянымда қыздар бассейнге шомылып жүрді. Оны ұятсыз нәрсе деп ойламаймын. Кез келген шетелдің немесе Ресейдің бейнебаяндарымен салыстырғанда, бұл жерде жабық киімдер киген. Мен нені айтып тұрғандарын түсінбеймін”, – дейді әнші.

Махаббат сезімін бейнебаяндары арқылы көрсету жағынан да Айқын алдыңғы қатарда келе жатыр. Әнші “Жалаңаяқ қыз” бейнебаянындағы қыз бен жігіт арасындағы ашық көріністерді, тіпті, ерсі санамайды. Ал ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жалаңаяқ қызға өлең шұмақтарын арнаған кезде, мұндай видео туындыны көз алдына елестетпеген де болар.

“Жалаңяқ қызда” соншалық ұятсыз нәрсе көрген жоқпын. Шортымен жүрген қыз бен жігіт құшақтасып, жаңбырдың астында келе жатыр. Оның несі ұятсыз? Ал жастарды кішкене тазалыққа үйрету керек сияқты. Қаланың сыртына шықсаңыз, жастар көліктен пакеттер мен бөтелкелер лақтырып жатады. Сол жағын кішкене жөндеулері керек деп ойлаймын. Содан кейін жолдардың бүтіндігіне көбірек мән беру керек сияқты. Кейбір үлкен қалалардың арасында да жол жоқ. Менің саясатқа араласып жатқаным жөн болмас. Десе де, мені де осы мәселелер толғандырады”, – дейді Айқын Төлепберген.

Дереккөз: stan.kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика