Айқын Төлепберген Ақтаудағы қайғылы оқиға туралы хабарлады

8 мая 2017

Танымал әнші өзінің  Instagram  желісіндегі парақшасында Ақтау қаласының бір ықшамауданында құздан секіріп кетіп, қайтыс болған қыз бала туралы жазды, — деп хабарлады kaz.tengrinews.kz

«Бүгін мына жардан кәмелет жасына толмаған қыз бала секіріп кетті. Кінәлілерді іздеудің қажеті жоқ. Себебі оны тірілте алмаймыз. Біздің жақындарымыз әрқашанда жанымызда, қауіпсіздікте болсын», — деп жазды оқиға орнында түсірілген суреттің астында.

Жергілікті жедел жәрдем қызметі «Лада» порталына кәмелет жасына толмаған қыздың қайтыс болғанын растап берді. «7 мамырда сағат 11:35-те хабар түсті. Оқиға орнына екі бригада кетті. Дәрігерлер қыздың қайтыс болғанын мәлімдеді», — деді медициналық мекемеде.

«Дүйсенбіде, куәгерлердің айтуынша, оқиға орнында қыздың телефонын іздестірген. Әлеуметтік желідегі мәліметтерге сәйкес, оның жасы 15-те болған», — деп жазады басылым. 

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика