Айқын: «Сырға салып, құда түскен жоқпыз»

2 мая 2017

Бүгін әнші Айқын Төлепбергеннің КешYOU экс-солисі Жұлдыз Өмірғалиге сырға салып жатқан видеосы пайда болған еді. Алайда Айқын Төлепбергеннің өзі бұл жай ғана жаңа фильмнен үзінді екенін, шын өмірде ешкімге сырға салмағанын айтты,-деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі.

— Менің бір ғана өтінішім бар, кім болса да, не журналистер, не достар — менің жеке өміріме араласпауларыңызды сұраймын. Біреу сырға салған сәтті түсіріп алды да, таратып жіберді. Бұлай жасауға болмайды ғой. Бұл — түсірілім алаңы, бұл кино деп жазыңыздар. Әзірше қандай кинодан үзінді екенін айта алмаймын,-деді қазақстандық әнші.

«Көз көргеннің көкесін, киноға түссең білесің»-деді Айқынның өзі желідегі парақшасында. 

Назерке Жүнісова,
«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика