АЙҚАЙ-ШУ! Олимпиада ойындарында мұсылмандар құқы тапталды ма?

12 февраля 2018

Оңтүстік Кореяның Пхеңчан қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада-2018 ойындарында тағы да жанжал шықты. Бұл жолы ойынға келген мұсылман елдерінің спортшылары өздеріне намазхана ұсынудан бас тартқан ұйымдастырушылар алқасына наразылық танытып отыр. 

Корея олимпиадасының негізгі орталықтарының бірі болып саналатын Каннын қаласы басшысының айтуынша, олар әу баста намазхана ұсынуға дайын болған. Алайда жергілікті тұрғындар ұйымдастырушылардың бұл шешімін құп көрмей, жаппай наразылық танытыпты. Тіпті 56 мың адам қол қойған петиция да ұсынған. Кореялықтар өздерінің салығына мұсылмандарға арналған ғибадатхана салуға қарсы екен-мыс.   


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика