АЙҚАЙ-ШУ! Кондуктор соғыс ардагерінің тұмсығын бұзбақ болды (видео)

31 августа 2017

Шымкент қаласындағы №70 автобустың кондукторы ардагердің «тұмсығын бұзамын» деп жұртты шулатты. Оқиғаны куәгерлердің бірі ұялы телефонға түсіріп алған.   

Кадрдан байқағанымыздай, әйел адам жолақысын төлеудің орнына зейнеткерлік куәлікті көрсеткен ардагерге зіркілдеп тұр. Артынша ол қарияны автобустан қуып шықпақ болған. Тіпті күш көрсетіп, тұмсығын бұзбақ болған. 

— Қазір тұмсығыңды бұзамын. Сол кезде көрсің!

— Ұрсаң ұр.

— Давай, шық. Келесі автобусқа мінесің! — деді кондуктор ардагерге.

Соңында ардагер үшін жолақысын басқа жолаушылардың бірі төлеп берген.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика