Айгүл Иманбаева ескі киімдерін сатылымға шығарды

12 мая 2017

Танымал әнші Айгүл Иманбаева сахнаға киген көйлектерін сатылымға шығарды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасы арқылы хабарлады.

«Құрметті менің оқырмандарым! Сахнаның адамы болған соң, көйлекті арнайы көп тіктіреміз. Бірақ 3-4 рет киген соң, бәрі гардеробта тұрады. Менің көмекші қыздарым сол көйлектерді сатылымға шығаруымды өтінді. Тәуекел деп, 50-60% жеңілдікпен шығардым сатылымға», — деп жазады әнші.

Айгүл Иманбаева ескі сахналық көйлектерін сатылымға шығарды - Фото

Желі оқырмандарының арасында Иманбаеваны қолдап, ісіне сәттілік тілегендер де, бұл ісінен ұятты нәрсе көргендер де табылды.

Айгүл Иманбаева ескі сахналық көйлектерін сатылымға шығарды - Фото

Дереккөзі: reactor.inform.kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика