Айфонды қолдан жасаған алматылықтардың қолына кісен салынды

25 сентября 2017

Қазақтар енді айфонды да құрастыра бастады. Бірақ, астыртын түрде. «Аэровокзал» аталып кеткен сауда үйінің аумағындағы цехта әлемдік брендтік техника құрастырылғаны анықталды. Айфонды айна қатесіз жасаған әккі алаяқтар оңай олжаға қарқ болып та үлгерген.

Көшірмені түпнұсқадан айыру қиын. Ішкі тақтасынан басқасы арзан материалдан жиналған. Сорақысы контрафактілік тауар Алматыдағы сауда орталықтарында да сатылған. Елдің өзге өңіріндегі тұрғындар да жымысқы ойлы топтың торына түскен болуы мүмкін. Құзырлы органдар астыртын цехты тінтігенде, 30 айфон тәркіленді. Қанша шығын келіп, қанша адам арам айланың құрбаны болғаны анықталып жатыр.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика