Әйел туған баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді

13 сентября 2017

Семейлік әйел үш жасар баласын 5-қабаттан лақтырып жіберді, — деп хабарлайды «24 Хабар». 

Оқиға сағат 12.00 шамасында болған. Оқиға орнына жедел жәрдем жеткен. Сөйтсе, бала бірінші қабаттың кіреберісінің карнизіне құлапты. 

«Бала жамбас сүйегінің ашық сынуы және тағы да көптеген жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Сол уақытта оның жағдайы тым ауыр болды», — деп түсіндірді ауруханадағылар. 

Куәгерлер мен көршілер дәрігерлерге баланы бесінші қабаттан өз шешесі лақтырып жібергенін айтқан. Қазіргі уақытта 36 жастағы әйел психикалық аурулар орталығында, ол осында есепте тұрады екен.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика