Әйел педофилге туған қызын зорлауға көмектескен

18 июня 2017

Ресейдің Ярослав облысының 25 жастағы тұрғыны туған қызын бөтен еркектің қойнына салып берген. Мәскеу облыстық тергеу басқармасы азғындардың қылмысын ашып, 42 жастағы ер адам мен 25 жастағы әйелдің қолына кісен салды.

зорлау

Тергеу мәліметі бойынша, Мәскеуге келген еркек пен әйел жалдамалы пәтерге қоныстанады. Сол түні еркек кішкентай қызға зорлық көрсетеді. Бір сұмдығы, ол мұның бәрін қыз анасының көзінше жасаған. Тіпті ол баласына тәттілер беріп, алдандыру арқылы қылмыстың іске асуына қолғабыс жасаған болып шықты.

Қазір аталмыш іс бойынша  “кәмелетке толмағанды зорлау” және “кәмелетке толмаған қызға сексуалдық мәнде әрекет жасау” баптары бойыншы қылмыстық іс қозғалған.

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика