Ағасының көлігін ұрлаған қыз апатқа түсті (видео)

30 апреля 2017

Алматы қаласының 16 жастағы тұрғыны  ағасының  Hyundai Accent автокөлігін ұрлап кетіп, жол-көлік оқиғасына ұшырады. Полициядан қашқан бойжеткен көлік тізгініне ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Бұл туралы   Patrul.kz хабарлады.

Қарындасының қылығынан хабары жоқ ағасы көлігін таппай қалған соң полицияға шағым түсірген. Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары Достық даңғылы мен Қажы Мұқан көшелерінің қиылысында іздеуді көлікті табады. Алайда полицияның тоқтау туралы талабын елемеген қыз қашып құтылуға тырысқан. Жылдамдықты асырып жіберген қыз Желтоқсан көшесінің бойында жолдан шығып кетіп, апатқа ұшырайды.

Қазір оқиғаның барысын полиция тексеруде.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика