Ағасының әруағы маза бермеген жігіт қылмысын мойындады

17 января 2018

Үштөбе тұрғыны полицияға қоңырау шалып, Алматы облысында немере ағасын өлтіргенін мойындады, деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, 12 қаңтар күні «102» телефонына 27 жастағы Үштөбе қаласының тұрғыны қоңырау шалып, ауыр қылмысты мойындағысы келетінін хабарлаған. Ер адам өз жауабында 2017 жылдың 16 сәуірінде немере ағасымен сөзге келіп қалып, пышақтап тастағанын, ал мәйітті жертөлеге көміп қойғанын айтты.

Полицейлер күдіктінің үйін қарап шығып, күштеп өлтіру белгілері бар ер адамның мәйітін тапты.

«Олар бірге спирттік ішімдік ішіп, жанжалдасып қалғаны анықталды. Қылмыстық тексеру басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Күдіктінің айтуынша, осы жағдайдан кейін тыныш ұйықтай алмаған, өлген ағасы әр түні түсіне кіріп, маза бермепті. Ол қамауға алынды.

Дeреккөз: sputniknews.kz 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика