Африкада аса қауіпті індеттің жаңа түрі пайда болды

6 мая 2017

Африка құрылығындағы Либерия Республикасы аумағында Эбола дертіне ұқсайтын аса қатерлі індет тіркелді. Алайда тексеру барысында оның симптомдары Эболаға ұқсайтын, бірақ мүлдем басқа індет түрі екені анықталған. Бұл туралы Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлаған.

«23 сәуір мен 4 мамыр аралығында Либерия Республикасының ересек тұрғындарының арасында ғылымға белгісіз індетке шалдыққан 28 адам анықталды. Олардың 12-і бірден көз жұмды», — делінген хабарламада.

Індеттің туындауында тұрғындардың лас су мен бүлінген азық-түлікті тұтынуы себеп болуы мүмкін. Әзірге ғалымдар мұның қандай індет екенін анықтай алмай отыр. Тексеруге халықаралық ұйымдар мен ДДСҰ мамандары қатысуда.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика