АДАСУ мен КЕЗДЕСУ (ХИКАЯТ)

9 Сәуір 2018

Бір екі рет күйеуден айырылысып үлгерген келіншек қырықтан асқанмен, бетінің қыры, сыры әлі сына қоймаған саудамен айналысатын. Дүкеншігінің саудасы қызған кезде пайда да түсіңкіреп, мәшине де сатып алған. Өзі жүргізеді.

Пәтері бар, мәшинсі бар, саудасы жүріп тұр, бірақ, кешке үйіне келгенде, өзін қайда қоярға жер таба алмай, талай дөңбекшіген күндерді өткізіп жүрген.

Бір күні мәшине жүргізіп келе жатып, бір әдемі жігітке қараймын деп, біреудің мәшинесін соғып кеткені де бар.

Келіншек дүңгіршегінің қасындағы «подружкесіне » енді қалайда бір еркек тауып алам» деген. Құрбысы күліп

«Конешно! Давно сөйту керек еді» деп қолпаштап қойған.

Қараторы келіншек енді базардағы еркектерді» аулағаннан түк шықпайтынын іштей сезіп, Супермаркет маңын торуылдауды шығарған. Одан кейін бірде «ночной клубқа» барған, ол жерде өзіне жабысқан жас жігіттерден әрең қашып құтылған.

Бір демалыс күні әдеттегідей үйде жиналып қалған ас қалдықтарын «мусорныйға» апарған. Сол жерде сақал шашы өскен бір егделеу қазақты көріп, таңғалып, оған

«Ой сорлы ау! Мұндағы қалдықтарды жинап өле алмай жүрсің бе» деп жекіген. Анау мұның ұрысқанына «мыңқ» етпеді, өз «шаруасымен» айналыса берді. Келіншек те бұрылып, үйіне бет ала беріп, ана кісіні аяды ма, оған қайта таяп келіп,

«Таста ана қолыңдағы жинағанды, Менімен жүр, үйден тамақтандырам» деген, анау тартынып болмап еді, Саудамен еркін, «өз дегені болмаса, қоймайтын асау мінезді әйел ана кісіні қоярда қоймай үйіне алып келді.

«Әуелі тазар» деп ванныйға кіргізіп жіберді.Сақал шашы өскен манағы егде кісі ванныйдан ақ желек жамылғы киініп шыққанда, келіншек өзінің адами қамқорлығына разы болып, анаған қайшы мен ұстара тауып беріп, сақал мұртын алдырды.

Қызықтың көкесі сонда болды, келіншек манағы «бомждың» жаңа келбетіне шын көңілімен сүйсінді.

«Өй,өзің бір қарауға болатын әп әдемі түрің бар еркек екенсің ғой» деп мәз болды.

Содан олар бірге отырып дәм ішті. Келіншек мұның әйелінен неге ажырасқанын сұрады. Анау

Қызметімнен шығарып тастап, көп жыл жұмыссыз жүрдім. Сосын әйелім «бір тиын пайдаң жақ» деп айырылысты» деген. Кеіліншек «Апыр ай, ә» деп оның әңгімесін сүйемелдеп отырған. Кеш болды. Анау ер адам «енді кетем, көмегіңе көп рахмет» деп өз киімдерін кие бастаған. Келіншек біраз ойланып тұрып оған

«Кетпе, мен жалғыз тұрам, анау бір бөлме бос, соған сен жатып дем ал» деді. Келіншектің шын көңілімен айтып тұрғанын сезген еркек, көп қолқалатпай көнді.

Келіншек, бұған басқа бөлмеге төсек салып берді, бұл соған барып жатты. Жатты да қор ете қалды, шамасы даладағы жүрістен шаршаған. Содан бір екі сағаттай уақыт өткен кез.

Келіншек бірнәрсе мазалап, ұйқтай алмай жатқан. Анау бұған келетін емес, қорылдап ұйықтап жатыр.Сосын келіншек орнынан тұрып, анау жатқан бөлменің есігін ашқан, еркектің иісін мұрны шалып, денесі біртүрлі тітіркеніп кеткендей болды.

«Әй, оян! Тіпті қорылдап ұйқы бермедің ғой!» деп ұрсып жатыр еді, анау «Не болды, не болды» деп атып тұра келген кезде жартылай жалаңаш денені көрген әйел сәл талықсып еркектің құшағына қарай құлай берген….

Сол құшақтасумен таң сібірлеп атты. Түнімен көзі ілінбеген келіншек ванныйға жуынуға бара жатып, ер адамға мойнын еркелей бұрып

«Сен сияқты тамаша еркекті қуып жіберген әйелге таңғалам» дейді.

Төсекте жатқан еркек келіншектің бұл сөзіне жауап бермеді.

Оның миын басқа ой шырмап жатқан:

«Мынаған шыдай алмай, кетіп қалам ау, бірер күнде» деген..

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика