Адам қағып қашып кеткен жігіт қаза тапқандардың өз ұлы мен әйелі екенін білгенде айқайлап жіберді

4 апреля 2018

Қытайда мас жүргізуші әйелі мен ұлын қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетті, деп жазды The Daily Mail

 Жантүршігерлік трагедия Шандунь провинциясының Цзыбо қаласында болған. Әйел баласын ертіп кешкі асқа туыстарының үйіне электр скутермен жолға шыққан. Осы уақытта оларды қарсы тараптан үйіне келе жатқан отағасы фургонмен қағып кетеді.

Жол апатына кінәлі бірден оқиға орнынан қашып кеткен. Бала сол жерде жан тапсырды, ал әйел ауыл хәлде ауруханаға жеткізілді. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.  

Ер адам бірнеше сағаттан кейін ұсталды. Полицейлер оған әйелі мен ұлын қағып кеткенін хабарлаған. Жүргізуші ауыр қайғы мен ұяттан айқайлап жіберген.  

Дереккөз: sputniknews.kz 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика