Адам дүниетанымын өзгертетін 10 кітап

5 Мамыр 2018


Бұл шығармалар сіздің өмірге, адамға деген көзқарасыңызды түпкілікті түрде өзгерте алады. Оқымыстылар мағынасы тым тереңде жатқан, адам болмысын қалыптастыруға септігін тигізетін кітаптар тізімін жасады. Оларды біле жүріңіз.

 

«100 жыл жалғыздық»

Авторы: Габриэль Гарсия Маркес

100 жыл жалғыздық – роман-эпопея, адамның жалғыздыққа душар болып, жеке өміріне тек өзі ғана бас көз болатынын суреттеген. Көзімізбен көрсек те, шындықты қабылдағымыз келмейтінін әшкерелейтін іс-әрекеттерді сипаттайды. Жүрек түбінде барлығымыз әйтеуір жалғыздықтың мұңын кешіп жүреміз. Әр адамның жеке таңдаған жолы мен бағыты бар…

«Мысыққа арналған бесік»

Авторы: Курт Воннегут

Кітап ерекше жазылған. Адамды қызықтырып, ойлануға мәжбүр етеді. Кемшілігі ретінде шындықты қатты көрсеткенін айта аламыз. Мағынасын ұғу үшін болған оқиғаны бастан өткеру керек. 50 жыл өткен соң кітапты қайта қолыңызға алсаңыз, оның кейбір бөлшектерін жіберіп алғаныңызды байқайсыз.

«Қош бол, майдан!»

Авторы: Эрнест Хемингуэй

Бұл әйгілі роман қазақ әдебиетіне «Қош бол, майдан» деген аудармамен енді. Адамзатқа «Қарумен қоштасыңдар» ұранды жар салған. Бірінші дүниежүзілік соғыс туралы жазылған ағылшын тіліндегі ең үздік туынды. Соғыс жас балалардың қаншасының жау қолынан қаза тапқанын, тынымсыз қорқыныштың өрбіген сәтін ерекше ыстық сезіммен үйлестіріп, баяндаған.

«Шыбын бағындырушысы»

Авторы: Уильям Голдинг

Адам тұрмайтын жапан арал. Шексіз жалғасып жатқан мұхит. Үлкендердің қамқорынсыз қалған балалар. Төңкеріс. Қан төгу. Өлім. Кітап 1954 жылы басылып шыққан. Кітап желісі адам өміріне жантүршігерлік қорқыныш үрейін ұялатады.

«Чапаев пен Пустота»

Авторы: Виктор Пелевин

Бұл әлем әдебиетіндегі мәні жоқ іс-әрекеттерді баяндайтын жалғыз шығарма. Ол Чапаев дивизиясында комиссар болып жұмыс істеген Петр Пустотаның тағдырына арналған.

«Ұрыс алаңы»

Авторы: Чак Паланик

Адамдардың барлығы дерлік қоғам тұтқыны, себебі біз бір-бірімізді бақылап, кез келген нәрсені басқа дүниемен салыстыра отырып, ой түйеміз. Бұл кітап мұндай шектелген ақыл-парасатты шекарадан асырып, жеке түсініктерге бой алдыруға көмектеседі.

«Фаренгейт бойынша 451 градус»

Авторы: Рэй Дуглас Брэдбери

Ағын су өз арнасымен емес, кері бағытта ақса, күн шығыстан емес батыстан шықса… Қоғамдық-моральдық шектеулерге тыйым салынбаса… Әрине, бұл саналы адамзат баласына тән емес. «Фаренгейт бойынша 451 градус» кітабы осы антиутопия жайында.

«Сайқымазақты өлтіру»

Авторы: Харпер Ли Шығарма кішкентай қыз туралы. Қыз өзінің аз өмірінде көп көріп, түрлі оқиғаны басынан өткереді. Нәтижесінде адамдардың жақсы-жаман болуы нәсілдік пен әлеуметтік жағдайға байланысты еместігін ұғып, оның барлығы адамның ішкі дүниесіне ғана тәуелді деп санайды.

«Мартин Иден»

Авторы: Джек Лондон Жас теңізші бала дәулетті кісіні төбелесіп жатқан сәтінде кездейсоқ құтқарып қалады. Алғыс ретінде бай жігіт үйіне әкеліп отбасымен таныстырады. Мартин ол адамның туған қарындасына өлердей ғашық болып қалады…

«Дон Хуан ілімі»

Авторы: Карлос Кастанеда

Карлос Кастанеда 10 000 жыл бұрын өмір сүрген Хуана Матусасынды адамдар ғаламшар мен түсінік ұғымын терең зерттеп білген көрінеді деп мәлімдейді. Ал заманауи адамдар болса, оның табалдырығына да жете алмайды екен. Туынды – Мексика шамандарының сақтап келген құпиялары туралы.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика