Адам ағзасына ең пайдалы үш жеміс анықталды

2 мая 2017

Америкалық ғалымдар өзін-өзі жақсы сезіну үшін  күнделікті қандай үш өнімді тұтыну қажеттігін анықтады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА хабарлады.

Олардың пікірінше, денсаулықты нығайту үшін адамға алма қажет. Онда жүрек-қан тамырлары мен онкологиялық аурулардың алдын алуға қабілетті табиғи заттар мол.

Бұдан басқа, дәрігерлер сәбіздің пайдалы екенін айтты: ол ас қорыту жүйесіне оң ықпал етіп, ішек жұмысын жақсартады.

Грек жаңғағы қан қысымын реттейді. Диетологтар алма, сәбіз, грек жаңғағы адам ағзасының жасушаларын табиғи түрде қалпына келтіруге қабілетті екенін айтады. Сондай-ақ олар дәрумендерге бай.

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика