Абыз даланың қобыз кеуделі перзенті 60 та

24 мая 2018

Қарағандыда Ғалым Жайлыбайдың 60 жылдығына арналған халықаралық поэзия фестивалі өтті.
Қарағанды қаласында белгілі ақын, жерлесіміз Ғалым Жайлыбайдың 60 жылдық мерейтойына арналған халықаралық поэзия фестивалі өтті. Алаштың айтулы азаматтарының қатысуымен ұйымдастырылған шараның ашылу салтанаты Қасым Аманжолов ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым жасаумен басталды. Ардакүрең ақынның мерейтойы аясындағы рух тойын ағасы, арқалы ақын Серік Ақсұңқарұлы өлеңмен ашты!


Келесі кезекті «Сарыжайлау» кинотеатрында Серік Сағынтайдың жүргізуімен «Мыңжылдықтар поэзиясы: Кеше.Бүгін.Ертең» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара барысында аға буын өкілдері мен поэзиядағы кейінгі толқын, жастар еркін сұхбат құрып, пікір алысты. Аға буын ақылын айтып, іні буын өлең оқып, әдемі әңгімелер айтылды.

К.Станиславский атындағы орыс драма театры. С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалы-драма театрының Ғ.Жайлыбайдың «Қара орамал» поэмасы бойынша қойылым қойылды.

Қойылымның қымызын қанып ішкен көпшілік «Жыр жазамын аққудың қанатына» атты жыр кешінде қайта жүздесті.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика