Шұғыл! А. Ісмақова мәселенің анық-қанығына көз жеткізгенін айтты

9 марта 2017

Алтыншы наурыз күні Алматы қаласында Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының президенті Мурат Жұрынов бір топ академиктермен кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР ҰҒА 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиналыс қорытындыланып, елімізде саяси билік реформалары мен Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Айгүл Ісмақова

Жиын барысында ғалымдар академиктердің мемлекеттік тілдің дамуы туралы ҚР Премьер-министрі Б. Сағынтаевқа, ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықоваға және Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары М. Тәжинге жолдаған үндеу хаты талқылаған. Оған ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Гүлзат Көбенова және филология ғылымының докторы Айгүл Ісмақова да шақырылды.
Кездесу барысында мамандықтар классификаторы мәселесі де назардан тыс қалмады. ҚР БҒМ өкілі қолданыстағы классификатордың ресми нұсқасын ұсынып, үндеуде аталған мамандықтардың өз қалпында қалғанын, және осы мамандықтарға жыл сайын бөлінетін грант мөлшерінің ұлғайып келе жатқанын жеткізді. Министрлік өкілінің айтуынша, әрбір шешім тек алқалы негізде, түрлі кәсіби деңгейлер мен тараптарда талқыланғаннан кейін ғана қабылданады.
Өз кезегінде, мамандықтар классификаторына қарсы шыққан әдебиеттанушы А. Ісмақова министрлік тарапынан берілген түсініктемелер мен толық мәліметтерді естіп-көргеннен кейін мәселенің анық-қанығына көз жеткізгенін айтты. Ол соңғы уақытта туындаған жағдай – мәселені жаңсақ ұғыну нәтижесі екендігін мәлімдеді.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика