Жаңа жоба!

Баннер

Сауал сізден

ОНЛАЙН-ДУЭЛЬ!

Баннер

Ақын жайлы үзік ой

Ақын жасы жылдармен өлшенбейді, елге берген еңбегімен есептеледі. Жас Қасым бүгінде ортаға шығып, өзінің оптимистік пафосқа толы өлмес өлеңін оқып тұр:

Өлуші ме еді ер шіркін!

Сілкінді ол бір дүркін.

Келе жатыр аралап,

Өзі туған ел-жұртын...

Иә, Қасым ел-жұртын аралап келе жатыр... Оның өлеңдері жылдар қанатымен бірге самғап, келешек күндердің кеңістігіне көтеріледі.

Сырбай Мәуленов.

 

Қанипаш МӘДІБАЙ. Әлімқұлов әлеміндегі Әбдезұлы

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

Қансейіт Әбдезұлының көрнекті қаламгер Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығын зерттеудегі ұстанымдары кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінің сан қилы тарихындағы елеулі бетбұрыстар туралы түбегейлі бағытымен маңызды.
XX ғасырдың белгілі бір кезеңінде суреткерлік бітімі оқшау Тәкен Әлімқұловтың шығармалары шөліркеп қалған рухани кеңістікке нұрлы жаңбырдай қуат дарытты.
Шығарма саралауда, әдеби үдерістің астарлы ағыстарын сезінуде Қансейіт Әбдезұлы құрғақ, сырғақ академизмге бой алдырмайды. Қаламгердің жазу бағытындағы тоғаю мен тоқырау, тосылу құбылыстарын, қатпар -қалтарысы көп болатын өнерпазды жасампаздықтың айғақталмаған сыр-қырын байқампаз, сергек ғалым былайша  бейтарап көрінгендей құбылыстардың өзімен аңғара қойып, тауып алады.



Қансейіт Әбдезұлы өнерге ынтық халықтың өнерпаз тұлғалары жайлы шығармалардың жазылу өрісінде елмен бірге жасап келе жатқан күйі аңыздарын, ел тарихын, тұлға тағдыры туралы болып жатқан ғажайып әңгімелерді кәдеге жаратып отыру үрдісін өнерпаз тұлға жайлы шығарманың өзіндік көркемдік факторы есебінде мән беріп, зерделеу арқылы да тақырыптың ауқымын кеңіте түсіп отырады.
«...Кісілік келбет, адамгершілік қасиеттер, жеке адамның бойындағы жақсы, жаман мінездер ешқашан уақытқа, тарихи кезеңге беделді емес екендігін повесть терең ұқтырады».
Зерттеуші Тәкен Әлімқұлов сынды жаман жазу, жалған жазу «қолынан келмейтін» сұңғыла қаламгердің адам тұлғасымен шын «ауырған әдеби туындының қашанғы мұраттарына адал болып қалудың айласын осы, өмірде болған өнерпаздардың таңғажайып тағдырларына ынтығудан тапқанын меңзеп отыр.
Әу бастағы Ақиқатпен бетпе-бет келіп отыратын қуатты негіздерге сүйеніп жазу түйсігі де, бағыты да болған қазақ сөз өнерінің қажет тарихи бір кезеңінде озық дәстүр қайта жаңғырыпты.
Тәкен Әлімқұловтың шығармашылықтың тылсым құпияларына, жаратылыс заңдылықтарына ынтыға отырып жазу дағдысына мәнді тоқтамдар жасайтын ғалым  Сәкен Жүнісов романына ойысқанда тұлға бейнесін көркемдік әлемге жетектеп алып шығудың шығармашылық тәсілдеріндегі алыс алымдардың қыр-сырларын аша түседі.
Сәкен Жүнісовтің тұлғаны оның өз туындыларынан тану үрдісін бағыт етіп отырғандығы айтылады.
Қос қаламгердің Ақан сері өмірі арқау болған шығармаларындағы айырым, өзгешеліктер көркемдік құндылық қырларымен бағаланып, таныла түскен. Салыстыра саралау дағдысы – Қансейіт Әбдезұлының зерттеушілік бағытының бір қыры.
Шығармашылықтың көзге ұстатпайтын, ой қармап қана түйсінетін тылсым бұлқыныстарын  тұтас жүйеге ұластырып зерделеудің қашанғы қиын міндеттеріне қызмет ету, расын айтқанда – азап. Қамтылуы тиіс құбылыс көп, құбылған замандар көшінің табанында тапталып кеткен   ақиқаттар артылып жығылады. Мәселен, тарихи тұлғаның қайталанбас тағдыры, өзіне тән мінез-құлқы көркемдік тұтастыққа кірігіп кете алды ма? Осы тұрғыда Қансейіт Әбдезұлы Тәкен Әлімқұлов тарихи дәстүрдің жаңа дәуірі  аясында жаңғырып, тынысын ашып, тұтас көркемдік түзілімге ұластырған үлгі, үрдістің ауқымында нақтылы салыстырулар мен саралауларға барды.
Әбдезұлы зерттеулері көркем  туындының  рухын жеткізіп, елеңдетіп әсерлендіріп жазылуымен   де өзгешеленетінін айту қажет.
Сөз қолданыста зерттеу нысанының жан баураған нұрымен астасқан сәулелі оралымдар көп ұшырап отырады. Көркем шығарманың табиғат суретіне, жан құбылыстарына, тарихи кезең таңбасына, жеке адамның бағы мен сорына, тұлғаның өзіне ғана тән мінез-құлқына, т.б. астасып жататын көзге ұстатпас, көңілмен ғана қуалап отыратын құбылыстарын зерттеуші жеткізіп айтады. Сөздік айналымы кең. Тапқыш.
Әдеби үдерісті кешенді ауқымда, жинақтап отырып, басты, басым даму бағыттарын айқындау, әдеби шығармашылықтың көркемдік тіректері мәнінде ой қорыту, тарихи тамырын, кезеңдік беталысын, көркем бітімін танудың кәнігі маманы болып қалыптасу, әдеби дамудың зерттеу өрісін ұзартуды шәкірт баулу, ірі ғылыми зерттеулер мен жобаларға жетекшілік жасау, қомақты монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдары негізінде өріс тапқан тынымсыз ізденіс, ұдайғы тоқтаусыз еңбекпен келді.
Көркем­дік кеңіс­тікке шыққан тарихи тұлға тағдырын тұтастықта зерделеудің бір айғағы – Қансейіт Әбдезұлының «Тарихи тұлғалар тағдыры және көркемдік жинақтау», «Күйшілік өнер сыры және көркемдік шешім», «Ақындық өнер сипаты және көркемдік шеберлік», «Қазақ батырларының тарихи тағылымы және көркем әдебиет» атты тарауларда жүйеленген «Тарихи тұлғалар және қазақ әдебиеті» атты оқу құралы (2004 ж.). Қансейіт Әбдезұлы Тәкен Әлімқұловтың қазақ әдебиетінің белгілі бір дәуіріндегі бастамашылдық шығармашылығын толғандыра отырып, тұтас ұстанымға айналдыруды мұрат еткен зерттеулерінде көңіл тоғайтатын салмақты тоқтамдар жасады.
«Ал әдеби шығарманың сюжеттік желісінің күйге, сазға негізделуі қазақ әдебиетінде Тәкен Әлімқұловтың шығармашылық ізденістері қалыптастырды. Күй сазынан, үн жүйесінен  мән мен мағына табу, оған нақты мазмұн дарыту немесе оны белгілі мазмұнмен нақтыландыру, сөйтіп, әдеби шығарманың оқиғаның желісіне, адам образын жасаудың,  кейіпкер характерін жасаудың басты құралына айналдыру – Тәкен Әлімқұловтың жазушылық даралығын белгілейтін көркемдік факторлардың бастысы».
Зерттеушінің суреткерлік әулетті жеткізу бағытындағы ой алымы шебер, шешен, өзекті оралымдармен әдіптеліп отырады да, зерттеудің өзі де құбылып, әсер құйып көркемдік таным тұғырларын жоталандыра түседі.
Шығармашылықтың ғажап әсер жаю өрісі Тәкен Әлімқұловтың өнерпаз тұлғалар тағдыры тартылған туындылары туралы ой қозғауда өзгеше бір тылсым күйге орап отырады.
Күй аңыздары. Түп негізінде бұл – ауызша шығармашылық. Күй стихиясымен ағыл-тегіл селдеткен, шым-шым сыр суыртпақтаған күңгір-күңгір күрсініп мұң айтқан, безілдеп боздаған, тоқтамай сарнаған тілмен баяндау,  адамды бір-бірімен күй тілімен сөйлестіру, ұғыстыру, баяндау, дәстүрі сол туындылардың негізінде жатыр.
Құбылып бұраң қаққан дүниенің сиқырына еліту, сұмдығынан сескену, қызыну, қызу құштарлықтың күй болып құйылуы, шығармашылықтың сұрапыл табиғаты, күй аңыздарының шығармашылық  шеберлікке ықпалы туралы ой сілемдері Әбіш Кекілбайдың көркемдеу тәсілдеріне тоқталуда айқындала түскен. Әбіш Кекілбайдың күйді тыңдап отырған адамның жай-күйіндегі арпалыстарды жеткізіп айту аңғарымпаздық, сұңғылалық құпиясына зерттеуші құныға үңіледі.
Қансейіт Әбдезұлы зерттеулерінде тарихи тұлғаны әдеби бейнеге көшірудің үрдіске айналу бағытындағы деректерге мән беруі – ғылым мүддесі. Ықылас Дүкенұлының әдеби бейнесі әу баста Сәкен Сейфуллиннің «Тар жал тайғақ кешуінде» көрінуі, кейіннен Ықылас образын сомдауға көп септігі тигендігі, көркемдік өрісте кәдеге асып отыратындығы туралы ой қозғауы – зерттеушінің шығармашылық тарихи тұлға бейнесін сомдаудың өзіндік шарттарының біріне елеулі мән беруі.
Ғалым өз зерттеулерінде өнері тасыған, артық туған асыл адамдардың қайталанбас бірегей бітімі қандай негізде, қандай тәсілдермен, қалай көркемдік өріске шықты дейтін мәселені нақтылы әрі жаңартушылық мәнде қисындап, тану үшін назар айырмай бақыланатын құбылыстарды байыптайды.
Сол кезеңдерде әдеби дамудың белгілі бір кезеңдегі бел алған бағыттары, оның тарихи алғышарттары, шығармашылық даралық, дәуір қолтаңбасы, көркемдік - шеберлік деңгей айқындала түседі., нақтылы тілдік, мәтіндік, образдық, ой-танымдық, тарихи-әлеуметтік тұрғыда ашылады.
Қансейіт Әбдезұлы ұлттық қанық таңбаларға ұдайы мән бере отырып, ой өрбітуді қалайды.
Адам тұлғасын көркем бейнелеудің бейнеті шексіз. Ал өнер адамының ішіне түсу – бейнеттің бейнеті. Осы азапты сапарда оның өкініш, наласы, тығырыққа тіреліп таусылған сәті, кенеттен құлаққа шалынған қаршыға қанаттың сусылуына елітуі, өмір дейтін нұржарықтың тауысып айту мүмкін емес шексіз асыл игілігі, сормаңдай тағдырдың жойқын жан аласапыраны тылсым қуатымен тартып әкететін деңгейде көркемдік әлем түзген.
Тәкен Әлімқұлов сынды сұрапыл суреткердің алапат өнер иелерінің дара тұлғаларын тірілту тәсілдерін түгендеп, саралауға кәсіби дайындығы кемел зерттеушінің ғана дәті барса керек.

 


Қанипаш  МӘДІБАЙ,
филология ғылымдарының докторы, профессор

Пікірлер 

 
#1 Bradley 30.10.2014 10:55
v3o casino blackjack: casino--blackjack.com kou casino
deposit: casino--deposit.com 4nt borrow
money: borrow--money.net/ x9o loans
for people with bad credit: loansforpeople-withbadcredit.com dkd bad credit loans guaranteed approval: badcreditloansguaranteedapproval.info hhb personal loans for bad credit: personalloans-forbadcredit.net moq no credit check loans: nocreditcheck-loans.net
oeu online payday loans: online--paydayloans.net roh same day
loans: sameday--loans.info md0 payday loans direct lenders only: paydayloansdirectlendersonly.org j43 bad credit personal
loans: badcredit-personalloans.com 31j personal loans
for people with bad credit: personalloansforpeoplewithbadcredit.info 0cg loans with no credit check: loanswith-nocreditcheck.com s0h short term loans: shortterm-loans.net az7
installment loans for bad credit: installmentloans-forbadcredit.com ngl
unsecured personal loans: unsecured-personalloans.net 2iq i need
money: ineed-money.org r81 unsecured loans: unsecured--loans.com uae fast cash: fast--cash.net 8w2 online loans
no credit check: onlineloansnocreditcheck.info mvd cash advance loans: cashadvance-loans.org utp fast money: fast--money.net 3zf mobile loans: mobile-loans.net 6mh
no credit check personal loans: nocreditcheckpersonalloans.info ie3 no credit check payday loans: nocreditcheckpaydayloans.info 3sg
cheap loans: cheap-loans.info kl8
direct lender payday loans: directlenderpaydayloans.info casino--blackjack.com casino blackjack casino--deposit.com casino
deposit borrow--money.net/ borrow money loansforpeople-withbadcredit.com loans for
people with bad credit badcreditloansguaranteedapproval.info bad credit
loans guaranteed approval personalloans-forbadcredit.net personal loans for bad credit nocreditcheck-loans.net no credit check loans online--paydayloans.net online payday loans sameday--loans.info same day
loans paydayloansdirectlendersonly.org payday loans direct lenders only badcredit-personalloans.com bad credit personal loans
personalloansforpeoplewithbadcredit.info personal loans
for people with bad credit loanswith-nocreditcheck.com loans with no credit check shortterm-loans.net short term loans installmentloans-forbadcredit.com installment loans
for bad credit unsecured-personalloans.net unsecured
personal loans ineed-money.org i need money unsecured--loans.com unsecured loans fast--cash.net fast cash onlineloansnocreditcheck.info online
loans no credit check cashadvance-loans.org cash advance loans fast--money.net fast money mobile-loans.net mobile loans nocreditcheckpersonalloans.info no credit check
personal loans nocreditcheckpaydayloans.info no credit check payday loans cheap-loans.info cheap loans directlenderpaydayloans.info direct lender payday
loans
Дәйексөз алу
 
 
#2 Jackson 27.11.2014 18:35
The hacks produced by some group are released free of charge in numerous websites; however keep in mind that not
all the software program which you'll avail on YouTube are real and sometimes it has virus
too.

Here is my blog post; dragon city hack: www.droidxhack.com/.../
Дәйексөз алу
 

Пікір алмасу