5G ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

27 Ақпан 2017

Ағымдағы жылы АҚШ 11 қаласында  5G желісі іске қосылады. Бұдан былай интернет қолданушылары  секундына 10 гигабиттік мәліметтерді жіберуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды «Baq.kz»

Мамандардың айтуынша, 5G байланысы бүкіләлемдік желіге біруақытта 100 млн мобильді қосымшаны қосуға мүмкіндік береді, ал мәліметтерді жіберу жағынан өткен буындағы байланыстан 10 есе жылдам болуы мүмкін. 2020 жылға қарай 5G желісі барлық қолданушылар үшін қолжетімді болады деп күтілуде.

Бесінші буындағы байланыс желісі Қытайда да сынақтан өткізіле бастады. Ол кезде ең жоғары жылдамдық секундына 12 гигабитті құрайды делінген еді.

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика