59 жастағы еркек көңілдесіне үйлену үшін әйелі мен үйін жарып жіберген

17 октября 2017

Американың Висконсин штатының 59 жастағы тұрғыны Стивен Пирус ресейлік көңілдесіне үйлену үшін өз үйін жарып жіберіп, әйелін өлтірген. 

Тергеу мәліметінше, ер адам әйелін атып өлтіріп, артынша үйдегі тұрмыстық газды ашып, жарып жіберген. Полиция қызметкерлері әйелдің мәйітін тауып, оның зорлық-зомбылық құрбаны болғанын анықтаған. Қылмыскер ұсталып, өз айыбын мойындады. Тергеу барысында оның бұл іске көңілдесіне бола барғаны анықталған.  


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика