4 жастағы сәбиді өгей әкесі аяусыз сабап тастаған

17 Сәуір 2018

Ресейдің Краснояр қаласында көңілдесінің төрт жастағы сәбиін аяусыз сабаған 20 жастағы азамат құрықталды. 

Тергеу мәліметтері бойынша, жас жігіт азаматтық некедегі әйелінің төрт жастағы қызын белдікпен және ұялы телефон қуаттағышының бауымен аяусыз сабап, денесінен сау тамтығын қалдырмаған. Ал баланың анасы болса көңілдесінің қылығын жасырып қалмаққа бекініп, балаға үйден көмек көрсетіп, жарасын таңып беріпті. Бұл жайды кездейсоқ куәгер көріп қалып, полицияға хабар берген. 

Қазір сәби балалар үйіне жіберілді. Ал оның анасы мен өгей әкесі тергеуге алынған. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика