31 жыл түрмеде отырып, 1 миллион доллар алды

24 марта 2018

31 жыл түрмеде отырған америкалық азамат соншама уақыттан кейін бостандыққа шығамын деп ойлап па?! Өмірде тосын сый мен ғажайып оқиғалар кездесетінін осыдан кейін-ақ бағамдай беріңіз…

Кезінде «қылмыскер» деп танылған  Теннеси штатының тұрғыны Лоуренса Мак Кинниді тергеу орындары 2009 жылы қайтадан түрмеден босатқаны белгілі. Өйткені оның еш жазығы жоқ болып шыққан. Бостандыққа шыққаннан  кейін жазықсыз жапа шеккен азамат тиісті сот орындарына жүгінген. Бірақ сот оған бар –жоғы 75 доллар көлемінде ғана өтемақы төлеген. Алайда ізденіп, өзінің құқын аяққа басқан сот орындарына шағымдануын қоймаған Лоуренса Мак Киннидің ақыры әділдікке қолы жетті.

–Менің 30 жылдан астам өмірін қорлықпен, тар қапаста  өтті. Бостандыққа шыққаныммен, ендігі өмірімді  өзгертуге, қайтадан қалпына келтіруге  еш қуатым жетпейді. Сондықтан мен құқық қорғау органдарын сотқа бердім, – дейді Лоуренса Мак Кинни.

61 жасқа келгенше, жазасын өтеген ол әділдік іздеді. Ақыры оның қылмысына қатысты жаңа деректер табылды да, Лоуренса  Мак Кинни ақталды.

Ол 2009 жылы түрмеден шыққанымен, сегіз жыл уақыт өткен соң ғана барып, оның өтемақыға қолы жетті. 2017 жылдың 17 желтоқсан айында Лоуренса Мак Кинниге қатысты комиссияның шешімі жария етілді. Комиссия қорытындысы бойынша 31 жылын түрмеде өткізген «қылмыскердің» қолына енді  1 миллион доллар тиеді. Оның 353 мың доллары қорғаушыны жалдағаны үшін төленеді. Ал қалған ақшаны жалақы  ретінде ол ай сайын 3350 доллардан он жылға дейін алып тұратын болды.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

«Айқын» газеті


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика