ҚАРАҒАНДЫДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЙТЫСКЕРЛЕР СӘКЕН СЕЙФУЛЛИНДІ ҰЛЫҚТАУДА

18 сентября 2019

Қарағандыда халықаралық айтыскерлер Сәкен Сейфуллинді ұлықтауда

Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлы ақын, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыс басталды. Салтанатты ашылу рәсімі қазақ драма театрында өтті.Елорда мен Қазақстанның басқа қалаларынан, сондай-ақ Монғолиядан, Қырғызстаннан, Қытайдан келген айтыскерлерді үлкен құрметпен қарсы алды. Халық әншілері қызыл кілем бойымен театр ғимаратына өтті.

— Айтыс – ол сенім. Себебі кейде халық басқаларға сенбеуі мүмкін. Бірақ айтыскерлерге сенеді. Мен ойлаймын, айтыскерлер үшін ең жоғарғы мандат, ең жоғары құрмет – осы халықтың ниеті мен сенімі. Себебі халық ақындардан тек қана шындықты күтеді. Ақын мінезі мен арын ешуақытта сатпайды. Себебі ол ақынның жеке ары мен мінезі емес, ол – көп жағдайда халықтың ары, жұрттың көңіл- күйі. Сәкен Сейфуллинің тілімен айтқанда: «Айтыс – заманның ақиқаты». Екіншіден, айтыс – ол жүрек. Ашығын айту керек, кейде адамды көз алдайды, құлақ алдайды, тіпті тіл де алдауы мүмкін. Бірдеңеге алып келіп, соқтыруы мүмкін. Бірақ – жүрек алдамайды. Ал ақын – мәселені жүрекпен көреді, жүрекпен жеткізеді. Сондықтан жүректен шыққан жырларды халық жүрекпен қабылдайды, — деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.

Халықаралық Айтыс және жыршы-термешілер одағының басшысы Ерман Жүрсіннің айтуынша, Қарағанды халқы осы өнер түрін ең ыстық әрі құмарлықпен қабылдайтын көрермендер.— Мен Сәкен ағаның туған жерінде оның мерейтойын осындай ауқымда атап өтетініне қуаныштымын. Ұлы тұлғаның құрметіне бірнеше салтанатты шаралар өтті. Ақындар айтысы сол мерейтойлық жиындарды жалғастырды және мықты ақындардың басын қосты. Бұл біздің Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ұсынған «Рухани жаңғыру» ұлы идеясының нақты іске асырылуы, — деп атап өтті Жүрсін Ерман. — Айтыстың бүкіл елге – Qazaqstan телеарнасының эфирінде көрсететіні керемет. Бұл телерадиокорпорация, Nur Otan партиясы және біздің қоғамдық бірлестік жасаған меморандумның арқасында мүмкін болды.

Мұндай жобалар рухани жандандыруға, ұлттың мәдени кодтың сақталуына ықпал етеді, деп атап өтті ұйымдастырушылар мен қатысушылар.

— Сәкен Сейфуллин құрметіне өткізілетін осы айтыс қазақ халқы үшін өте маңызды. Қазақстанда айтыстар менің отаныма қарағанда жиі өткізіледі. Осылайша мәдени мұраны бағалайтындарыңыз, салт-дәстүрлерді құрметтейтіндеріңіз және халық өнерін қолдайтындарыңыз өте жақсы, — деді Бішкектен келген айтыскер Жеңісбек Тоқтөбеков.

Екі күн бойы театр сахнасында 18 айтыскер бас жүлде үшін бақ таластыратын болады. 19 қыркүйекте шараның жабылу салтанатында жеңімпаздардың есімдері жарияланады.

 

«САМАЯ ГОРЯЧАЯ И ПРИСТРАСТНАЯ ПУБЛИКА» — МЕЖДУНАРОДНЫЙ АЙТЫС ПРОХОДИТ В КАРАГАНДЕ

В Караганде в рамках программы «Рухани жаңғыру» стартовал международный айтыс, посвящённый 125-летию великого поэта и писателя, государственного и общественного деятеля Сакена Сейфуллина. Торжественная церемония открытия прошла в одноимённом казахском драмтеатре.

Айтыскеров, приехавших из столицы и других городов Казахстана, а также из Монголии, Кыргызстана, Китая, встретили с большим почётом. Народные певцы вошли в здание театра по красной дорожке.

— Айтыс — это вера. Народ иногда не доверяет другим, но от акынов ждёт только правды. Я думаю, это самая высокая награда — доверие народа. Как говорил Сакен Сейфуллин, «Айтыс — истина времени». Во-вторых, айтыс — это сердце. Человека могут обманывать глаза, уши, даже язык, но сердце никогда не обманет. Поэтому и ваши произведения народ воспринимает сердцем, — приветствовал участников аким Карагандинской области Ерлан Кошанов.

По словам главы Международного союза айтыса и жыршы-термеши Журсина Ермана, карагандинская публика — самая горячая и пристрастная.

— Я рад, что юбилей Сакена-ага на родной карагандинской земле празднуют с таким размахом. В его честь уже прошло не одно торжество. Айтыс продолжил празднования и собрал сильнейших акынов. Это и есть настоящая реализация великой идеи «Рухани жаңғыру», которую выдвинул наш Елбасы — Первый Президент Республики Казахстан, — отметил Журсин Ерман. — Замечательно, что этот айтыс покажут на всю страну — в эфире телеканала Qazaqstan. Это стало возможным благодаря меморандуму, который заключили телерадиокорпорация, партия Nur Otan и наше общественное объединение.

Подобные проекты способствуют духовному возрождению, сохранению культурного кода нации, подчёркивают организаторы и участники.

— Сакен Сейфуллин, в чью честь проводится этот айтыс, очень много сделал для казахского народа. В Казахстане айтысы проводят гораздо чаще, чем на моей родине. Это очень хорошо, что так ценят культурное наследие, чтят традиции и поддерживают народное искусство, — сказал айтыскер из Бишкека Женишбек Токтобеков.

В течение двух дней на сцене театра 18 айтыскеров будут бороться за главный приз. На церемонии закрытия 19 сентября станут известны имена победителей.


Бөлісіңіз:


Обсуждение закрыто.

Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика