22 наурызға арналған ауа-райы болжамы

22 марта 2017

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батыс, оңтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік аймақтарының кей жерлерінде жауын-шашын болуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Ауа райы

Жамбыл облысының  кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман түседі. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с шаңды дауылмен күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с болады, кей жерлерде найзағай түсуі ықтимал. Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Павлодар, түнде  және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика