Танымал әншінің өлер алдындағы өсиеті

3 Мамыр 2018

22 қарашада Лондонда жан тәсілім еткен опера әншісі Дмитрий Хворостовский өлер алдында достары мен туғандарына өзінің соңғы өтінішін айтып кеткен. «Россия-24» арнасының мәліметіне сүйенсек, әншінің денесі екі қабірге қойылуы тиіс.
Хворостовскийдің ерекше өсиетін тілшілерге КСРО халық әншісі Иосиф Кобзон хабарлаған. «Өзі қандай болса, сондай батыл өсиет қалдырып кетті: денесін кремациялап, жарты бөлігін Мәскеуге, екінші бөлігін Красноярск қаласына қоюымызды өтінді. Әйелінің нақты шешім қабылдағанын күтіп отырмыз», — деді Кобзон.

Өлімнен кейін денесі бөлінген танымал тұлғалардың қатарында композитор Фредрик Шрпен, қолбасшы Михаил Кутузов, актриса Мария Ермолова, Англия королі Ричард Лион және ақын әрі жазушы Томас Харди да бар.

Дмитрий Хворостовский 55 жасында лондондық Марсден Роял ауруханасында ауыр науқастан көз жұмды. 2015 жылы әншінің қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болған.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика