2017 жылдың шілде айына арналған ауа-райы болжамы

3 июля 2017

Алдын ала болжам бойынша, республиканың көптеген бөліктерінде ай ішіндегі орташа ауа температурасы климаттық мәнге жуық, тек батыс аймақтарда ауа температурасы 1 градус  цельсияға нормадан жоғары болады деп күтілуде, — жеп хабарлады Казгидромет

Айлық жауын-шашынның мөлшері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының таулы аймақтарында нормадан көп, республиканың қалған аймақтарында — нормаға жуық және азболады деп болжануда.

Айдың басында белсенді циклонның әсерінен Қазақстан аумақғының көбінде найзағайлы жаңбыр және желдің күші 9-14 кей жерлерде 15-20 м/с болып, қалған аймақтарда бұршақ болуы мүмкін.  Тек оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарда, антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ашық ауа-райы күтілуде.

Ауа температурасы:

батыста түнде  15…20 жылы,  күндіз 30… 35 жылы

еліміздің солтүстік, шығыс және орталықтарында түнде 13…18, күндіз   28…33 жылы

оңтүстігінде, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батысында түнде 20…28, күндіз 35…40 жылы болады деп күтілуде.

Мерекелік демалыс (6-9 шілде) күндері,  Ресейдің Еуропалық бөлігінен келетін антициклонның әсерінен, бұлттардың ашылыуы және ауа температурасының жоғарылауы Қазақстанның  солтүстік жартысында күндіз 33…38 жылы, ал оңтүстік бөлігінің кей жерлерде күндіз 42 дейін ыстық болады деп күтіледі.

Содан кейін, кезекті циклон және онымен байланысты фронтальдық бөліктердің ықпалынан, қайтадан ауа-райы жағдайының бұзылуы күтілуде. Айдың ортасында Орталық Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығуы — ауа температурасың жоғарылауына себеп болады.

Екінші және үшінші онкүндіктің соңында, барилік қалыптасулардың жиі алмасуларымен, ыстық күндер салқын және жаңбырлы күндерге ауысатын болады.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика