2017 жылдың мамыр айына арналған жұлдыз-жорамал

2 мая 2017

Назарларыңызға мамыр айына арналған жұлдыз-жорамалды ұсынамыз.

Тоқты. Мамыр айында көптеген танымал адаммен жолығасыз. Жан-дүниеңізде оң өзгерістер болып, шығармашылық шабытыңыз артады. 2017 жылы жолыңыз болып, табысқа кенелесіз. Жұлдыздар назарыңызды ең маңызды деген құндылықтарға аударуға кеңес береді.

Денсаулық. Таза ауада көбірек демалыңыз. Дәрімендердің көмегімен жүйке жүйеңізді қалпына келтіріңіз. Мүмкіндік болып жатса, міндетті түрде ауылға барып қайтыңыз. Нәзік жандылардың мамыр айында диета ұстамағандары жөн. Оны фитнеспен алмастырыңыздар. Осылайша күш-жігеріңіз арта түседі. Бірақ спортпен шұғылдануда өзіңізге міндетті түрде жаттықтырушы тағайындаңыз. Күнделікті ас мәзіңіріңізден хот-дог пен ащы тағамдарды алып тастаңыз.

Махаббат. Мамыр айы ғашықтар үшін сәтсіз болмақ. Үнемі сүйіктіңізбен жанжалдасып, сөз таластыратын боласыз. Бірақ алдағы қиындықтарыңызды сүйіктіңізбен біріккен кезде ғана шеше алатыныңызды ұмытпаңыз. Нәзік жанды болсаңыз, өзіңізді сөзсіз түсінетін азаматты жолықтырасыз. Бұл үшін кешкілік отырыстарға жиі барыңыз. Жігіттің жүрегін асқазаны арқылы жаулауға болатынын ұмытпаңыз.

Мансап. Мәселе жұмыс пен ақшаға келіп тірелсе, асығыс шешім қабылдамаңыз. Алдымен, барлығын тексеріп алғаныңыз жөн. Әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңызды ретке келтіруді ұмытпаңыз. Мамыр айында маңызды іссапарларға барасыз. Тығырыққа тірелгеніңізде, өзіңізден әлдеқайда білімді мамандардан кеңес сұрауды ұмытпаңыз.

Табысты күндер – 6, 10, 14, 19, 22, 2

Жағымсыз күндер – 4, 10, 18

Торпақ. Шынайы өмірде оң өзгерістер болып, жүрегіңіз махаббатқа толады. Сіз жұмыс орныңызды ауыстырып, өмірлік жұбыңызды жолықтыруыңыз мүмкін. Мамыр айында бір орында отырмайсыз. Бойыңызда тасыған энергияңыздың арқасында Алатауды бағындыруыңыз мүмкін. Жұрт сенбей келген арманыңыз осы айда жүзеге асады.

Денсаулық. Жұмысқа білек сыбана кірісіп, өзіңіздің денсаулығыңыз туралы ұмытып кетуіңіз мүмкін. Уақытылы тамақтанып, мәзіріңізді көкөністермен, жидектермен толтырыңыз. Күш-қуатыңызды толтыру үшін таза ауада көбірек демалыңыз. Позитивті адамдармен көбірек сөйлесуге тырысыңыз. Майда-шүйдеге бола жүйкеңізді жұқарта бермеңіз.

Махаббат. Жеке өміріңізді түбегейлі өзгертетін адаммен жолығасыз. Әсіресе, көптен бері маңдайыңызға жазылған адамды жолықтырғыңыз келіп жүрсе. Сізге арнап өлең жазылып, ән айтылады. Ертегілер әлемінде жүргендей күй кешесіз. Жұбыңыз қамқоршыңызға, өмірлік досыңызға айналады. Өміріңіздегі кез келген жағдайға жеңіл қарауға тырысыңыз.

Мансап. Бұл айда қаржы мәселесінде аздаған қиындықтар болады. Сол себепті, жұмыста қандай жанжал болса да, өз орныңызды сақтап қалуға тырысыңыз. Әзірге барынша сақ болғаныңыз жөн. Әріптестеріңіз сізді аяғыңыздан шалуы мүмкін.

Табысты күндер – 5, 9, 13, 16, 19

Жағымсыз күндер – 1, 2, 3, 6, 25

Егіздер. Мамыр айы сіз үшін қызыққа толы болмақ. Жаңа таныстарды арттырып қана қоймай, олардың кәсіби мансаптағы жоғарылауыңызға айтарлықтай септік тигізетініне куә боласыз.

Денсаулық. Көктемде басымдылыққа ие болатын аллергияларды жұқтырып алу қаупі бар. Сондықтан тек өзіңізге ғана сенім артпай, алдын ала медициналық тексеруден өткеніңіз абзал. Жиі басыңыз ауыруы мүмкін. Сондықтан мамыр сіз үшін толығымен қалыпқа келу айы болмақ. Бастысы күнделікті тамақтану тәртібін толықтырыңыз.

Махаббат. Бұл айда сүйіктіңізбен арадағы келіспеушіліктердің барлығын ұмытып, жаңа өмір бастайсыз. Ең бастысы, шынайы махаббаттың өзгені емес, өзіңізді сүюден басталатынын ұмытпаңыз.

Мансап. Табысыңыз бен жұмысыңызда өзгерістер орын алады. Сондықтан алдын ала өзіңізді бейімдеп, дайын тұрған жөн. Мамыр айында табыс көлемі қалыпты деңгейде болса да, қосымша сыйақылар түсетіні ықтимал. Ал бизнесмендер табысы еселеп артады. Тек артық тәуекелге бармаған жөн.

Табысты күндер – 1, 10, 14, 19, 22, 26

Жағымсыз күндер – 7, 12, 18

Шаян. Тынымсыз тіршіліктен демалып, өзіңізді қалыпқа келтіретін уақыт келген сияқты. Ойға алғаныңызды міндетті түрде соңына дейін жеткізесіз. Әзірге аздаған демалыс сізге кедергісін келтірмейді. Мамыр айында жеке өміріңізде көптеген жағымды өзгеріс болады. Қуанышыңызды жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз. Әйел адам болсаңыз, майда-шүйдеге зер салмаңыз. Әйтпесе, жүйкеңіз сыр беріп, ауруханаға жатып қалуыңыз мүмкін. Жақындарыңыздың сіздің бақытты болғаныңызды қалайтынын ұмытпаңыз.

Денсаулық. Бұрын-соңды жеп көрмеген тағамыңыздан бұл жолы да бас тартыңыз. Олар денсаулығыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін. Таза ауаға демалуға шықсаңыз, өзіңізбен бірге доп, теннис ала шығыңыз. Күнделікті мәзіріңізден майлы, тұзды тағамдарды алып тастаңыз.

Махаббат. Сәуір айында басталған махаббат хикаяңыз мамыр айында тойға ұласады. Отбасылық өмірде бақытты болғыңы келсе, өз көзқарасыңызды дәлелдеуден қорықпаңыз. Жасы келіп қалған туысқандарыңыздың қалын біліп тұруды ұмытпаңыз.

Мансап. Мәселе ақша мен жаңа жұмысқа келіп тірелсе, батылырақ болыңыз. Кез келген ұсынысты қабылдау алдында өзіңізге тиімді не тиімсіз екенін салыстырыңыз. Ал ұсыныстан түсетін табыс көлемі аздау болса да, оны кері қайтармағаныңыз жөн. Айдың соңына қарай сізге маңызды тапсырыс түседі. Сіз жобаны жоғары деңгейде орындап, тіпті қомақты сыйақыға да ие боласыз.

Табысты күндер – 6, 10, 14, 19, 22, 26

Жағымсыз күндер – 4, 10, 18

Арыстан. Мамыр айында энергияға толығып, бұрыннан орындай алмай жүрген жоспарларыңызды жүзеге асырасыз. Егер өз жалқаулығыңызды жеңе білсеңіз, бәрінен де алда жүресіз. Жаныңыздағы адамдармен сөз таласпағаныңыз жөн. Сосын достарыңыздың кеңестеріне құлақ түре бермеңіз. Егер кез келген адаммен келісімге келуді үйренсеңіз, жақсы қарым-қатынасты сақтай аласыз.

Денсаулық. Салауатты өмір салтын ұстанғыңыз келсе, ет емес, балық пен көкөністерді көбірек тұтыныңыз. Ұйықтар алдында таза ауаға шығып, серуендеп қайтқаныңыз пайдалы. Қуатыңызды мөлшермен жұмсағаныңыз жөн. Ал демалыс күндері табиғат аясына шығуды әдетке айналдырыңыз.

Махаббат. Мамыр айы романтикаға толы болмақ. Сізге айналаңыздағылар көбірек назарын аудара бастайды. Сізге жеңіл үсті қарым-қатынастан аулақ болған жөн. Ал егер шынымен көңіліңіздегі адамды жолықтырсаңыз, мұмкіндікті жіберіп алмаңыз. Мұндай мүмкіндіктердің жиі келмейтіні анық.

Мансап. Мамыр айы сіз үшін табысты болмақ. Табысты молынан иемденуге асықпаңыз. Әйтпесе, сенімді серіктестеріңізбен қарым-қатынасыңызды бұзып алуыңыз мүмкін. Бәсекелестермен байланысты мұқият қадағалаңыз. Себебі оның кері әсері мансабыңызға тиюі мүмкін. Қаржылай табысыңыз жұмысты кіммен бастайтыныңызға байланысты. Егер кәсіби тәжірибеңіз жетпей жатса, біліктіліңізді артырыңыз. Білім алу мен жаңа саланы меңгеру сізге тиімді.

Табысты күндер – 6, 7, 9, 11, 15, 22 және 30

Жағымсыз күндер – 4, 5, 9, 14, 15, 23, 24, 27

Бикеш. Мамыр айында көптен бері ойыңызда жүрген мақсаттарыңызды жүзеге асырудан бөлек, өз мүмкіндіктеріңізді көрсете аласыз. Жан-жағыңыз көкке оранып, сіз де өмірдің гармониясын тапқыңыз келеді. Егер өз қалауыңызды шын іске асырғыңыз келсе, қолыңыздан келетіні анық. жеке өміріңізде де өзгерістер арын алады. Сондықтан жалғыз қаламын деп еш уайымдамаңыз.

Денсаулық. Сізге мамыр айында таңғы шуақпен жүгіруге шыққаныңыз абзал. Бассейнге абонемент алуды да ұмытпаңыз. Жүрек пен қан тамыр ауруларының болу ықтималдығы бар. Сондықтан дәрігерге жиі көрінуді ұмытпаңыз. Иммунитетті қуаттау үшін көбіне жеміс пен көкөністерді тұтынуға кеңес береміз.

Махаббат. Мамыр айында көктемнің көңілді шуағы сіз үшін енді шашып жатқандай сезімге бөленесіз. Бастысы жиі серуендеуді ұмытпаңыз. Болашақ жұбыңызды саябақта жолықтыруыңыз ықтималдан жоғары. Бастысы өзіңізге деген сеніміңізді арттырып, дер кезінде бірінші болып қадам басуды да ойластырыңыз. Бұл сіздің тиімді мүмкіндікті жіберіп алмауға септік болады.

Мансап. Жұмыста барынша көтеріңкі көңіл күймен жүруге тырысыңыз. Себебі сіздің өзге әріптестерге ететін әсеріңіз мол. Олардың да көңілді жүруіне негіз бола біліңіз. Мамыр айы демалыстарға толы болғандықтан, кәсіби біліктіліңізді арттыруға көбірек уақыт бөле аласыз. Өз салаңыздың танып үлгермеген салаларын зерттеп көріңіз. Себебі сізді мансаппен жоғарылау күтіп тұр. Кәсіби білімнің артығы болмайды.

Табысты күндер – 5, 7, 9, 11, 19 және 27

Жағымсыз күндер – 8, 10, 16, 18, 22 және 26

Таразы. Мамыр айы толассыз мүмкіндіктерге толы. Бастысы кез келген жағдайда мұқият болуды ұмытпаңыз. Әртүрлі ұсыныстардың да келуі ықтимал. Сондықтан көктемнің шуағынан күш алып, жаңа жобаларға дайын жүріңіз. Сізге сенім артқан адамдардың үміт ақтау керек екенін есіңізде сақтасаңыз, барлық қиындықтардан ойланбай өтетініңіз анық.

Денсаулық. Өз күтіміңізге көбірек уақыт бөліңіз. Демалыс күндері де жұмыспен айналыспай, бір күнді өзіңізге арнауды ұмытпаңыз.

Махаббат. Егер мәселе сезімге келіп тірелсе, ешнарседен тайынбайтыныңызды көрсетіңіз. Болашақ жұбыңызбен тамаша қарым-қатынасыңыз қалыптастыру мүмкіндігі бар. Бір көргеннен ғашық болып қалуыңыз да мүмкін. Сіздің романтикалық сюрприздеріңізге оның да аң-таң болатыны анық.

Мансап. Мамыр айында түсетін табысыңызды қайда жұмсауды да біле алмай қаласыз. Негізгі әрі қосымша жұмысыңызда сізге сыйақы беріледі. Сонымен қатар, мансаппен көтерілесіз. Бастысы өз кәсіби тәжірибеңізді көрсете білсеңіз болғаны. Мамыр айында біреуге қарызға ақша беріп не алмауға кеңес береміз.

Табысты күндер – 3, 7, 9, 15, 17 және 30

Жағымсыз күндер – 4, 10, 12, 16, 18 және 24

Сарышаян. Мамыр айында уақытыңызды көбірек туған-туысқандарыңызға бөліңіз. Егер көптен бері шетелге, теңізге саяхаттағыңыз келіп жүрген болса, оны осы айда жүзеге асырыңыз. Тіпті кішігірім отбасылық мерейтойлар көңіл-күйіңізге тамаша әсер етеді. Мамыр айында сіз өміріңізді өзгертіп жіберетін адаммен жолығу мүмкіндігі бар.

Денсаулық. Көктемнің соңғы айында деніңізді әлсіздік пен шаршау басады. Бұл ағзаңыздың көп сағаттық жұмысқа үйренегенімен түсіндіруге болады. Иммунитетті жоғарылатумен айналысыңыз. Бұрыңғы ауруларыңыздың асқынуы да ықтимал. Салқындатқышқа жақын жерде көп отырмаңыз. Көлікті жылдам жүргізбеңіз және өзге біреулермен сөз таластырмаңыз. Тек сонда ғана өзіңізге көңіліңіз толады.

Махаббат. Сіздің жүрегіңізден баяғыда орын алып үлгерген адамға жақындау сәті келді. Жасырын жүрген сезімнің жарыққа шығатын уақыты келді. Ол сіздің досыңыз не әріптесіңіз болуы ықтимал. Оны көзқарас немесе адамның темпераментінен байқаңыз.

Мансап. Мамыр айында өз дарыныңыз бен қалауларыңызды сыртқа шығарыңыз. Кімге? Әрине, жұмыстағы басшылыққа. Егер компанияның табысын арттырудың жоолдарын білсеңіз, оны бастықпен бөлісуге асығыңыз. Сеніңіз, ай соңында өзіңізге тиесілі сыйақыдан бөлек, жаңа мансапқа ие боласыз.

Табысты күндер – 3, 9, 15, 22, 26, 30

Жағымсыз күндер – 4 , 10 , 12, 19, 28, 31

Мерген. Мамырда тек күннің шуағына ғана бөленіп қана қоймай, өзіңізді сыйлайтын адамдармен бірге боласыз. Өміріңіз өзімен-өзі тұрақталатыны сонша, сізде әдеттен тыс нәтижелерден үрей туындауы мүмкін. Бір сәтте осының бәрінен айырылып қалу мүмкіндігі сізді өз орайыңызға қалдырмайды. Дегенмен, уайымдаудың қажеті жоқ. Бастысы өзіңізге деген сенімді жоғалтпаңыз. Жеке бизнесіңізді ашсаңыз, жолыңыз болғышқа айналатыныңыз анық.

Денсаулық. Тәніңізді салқын суға бейімдеуді кеңес береміз. Таңертеңгі салқын су сіздің ұйқыңызды ашып қана қоймай, күн бойындағы көңіл-күйіңіздің жоғары болатынын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мамы айында пісетін жидектер мен көкөністерден өзіңізді аулақтамаңыз.

Махаббат. Оқыстан пайда болған сезімге жол беріңіз. Бұл сізге сирек келетін мүмкіндіктерге жетелейді.

Мансап. Жоспардан тыс табысқа кенелесіз. Ол үшін қосымша жобаларды жүзеге асыруға қорықпаңыз. Кез келген ұсыныстың сізге тиімді болатыны белгілі. Тек алға қойға мақсаттарыңызды орындауды ойыңыздан шығармасаңыз болғаны.

Табысты күндер – 3, 6, 15, 25

Жағымсыз күндер – 1, 7, 18, 26, 31

Тауешкі. Мамыр – барлығы өз қалауыңызбен орындалатын ай.Сондықтан жеке өміріңізде де, кәсіби жолыңызда да әртүрлі ұсыныстарды кері қайтармас бұрын, жақсылап ойланыңыз.Алып жоспарларыңыздың орындалатын кезі келді. Багам аралдарына саяхатқа, үй немесе көлік сатып алуға жеткілікті табыстың көзіне жетесіз.

Денсаулық. Барлық жобаларыңызды жүзеге асыруға күш-қуатыңыз жетеді. Көбіне сыртта серуендеп, табиғи сүт тұтынсаңыз, тәніңіздегі энергияңыз екі еселенеді. Темекі шегуді доғарудың сәті келгенін пайымдайсыз. Тұзды тағамдардан аулақ жүргеніңіз абзал.

Махаббат. Жеке өміріңізде өзіңіз қаламаған жағдайға тап болуыңыз мүмкін. Жұбыңызбен үнемі сөзге келіп, достарыңызбен араласуға қауқарыңыз болмайды. Мұндай кезде көбірек өзіңізбен жалғыз қалып, ойларыңызды ретке келтірген жөн.

Мансап. Мамыр айында жұмысыңыз оңынан болып, табысыңыз артады. Сізді бөлім басшысы етіп тағайындауы немесе басқа мансапқа ауыстыруы мүмкін. Сондықтан кез келген өзгеріске дайын екеніңізді көрсетіңіз.

Табысты күндер – 7, 9, 15, 22, 26.

Жағымсыз күндер – 1, 10, 12, 18, 24

Сұқұйғыш. Мамыр айында өз еңбегіңіздің нәтижелерін көресіз. Тек алға қарай ұмтылыңыз. Дегенмен, кейбір қателіктерге көз жүгірткеніңіз де абзал.

Денсаулық. Денсаулығыңыз қалыпты болады. Бірақ жүйкеңіз сыр беруі мүмкін. Бастысы жылы киініп жүріңіз. Егер мүмкіндік болып жатса, осы айда депалыс алыңыз. Диета ұстап, спортзалға баруды үдетіңіз. Әртүрлі витаминдерді қабылдауды да дағдыға айналдырыңыз.

Махаббат. Эмоцияға толы айда романтикалық көңіл-күйіңізді бұзып алмауға тырысыңыз. Үйде көп тұрақтамай, ойыңызды бөлісетын адаммен бар уақытыңызды өткізесіз. Өзіне ғана тиімді жақты ойлайтын адамдардан аулақ болуға тырысыңыз.

Мансап. Мамыр айы біршама қиындықарға толы болмақ. Бар табысыңызды туысқандарыңызға жұмсайсыз. Дегенмен кез келген шығынды өз ретімен ойластырып жасаңыз. Әйтпесе, қалтаңызда бір тиын қалмай қалуы да бек мүмкін.

Табысты күндер – 5, 9, 13, 22, 26, 27

Жағымсыз күндер – 4, 10, 12, 19, 21, 25

Балықтар. Мамыр айында барлық мақсаттарыңызды жүзеге асыратын мүмкіндіктер туындайды. Тек мақсатқа жету жолында өзіңіздің оптимистік көзқарасыңызды жоғалтып алмаңыз. Әйтпесе, сіздің табысыңызді басқа біреу алып кетуі мүмкін.

Денсаулық. Жемістер мен жидектерді көбірек тұтынуға кеңес береміз. Демалыс күндері достарыңызбен тауға шығып тұрыңыз.

Махаббат. Туысқандарыңызбен келіспеушіліктер орын алуы ықтимал. Себебі оларға сіздің жұбыңыз ұнамауы мүмкін. Өз діліңізге құлақ салып, екі тарапты да бір-біріне деген сенімдерін арттыруға тырысыңыз. Бастысы болашақ жұбыңыздың қандай адам екенін нақты түсінетін сәт туады. Одан бөлек, тамаша мүмкіндіктерден де қалыс қалып жүрмеңіз. Барлығы өзіңізге байланысты. Тек қана артқа шегіну туралы ойламауға тырысыңыз.

Мансап. Бұл айда қалтаңыздары бар ақшаны жан-жаққа жұмсаудан аулақ болыңыз. Достарыңыз не әріптестеріңіз алған қарызын қайтарып жатса, оны сенімді депозитке салып қойғаныңыз жөн. Жинақталған сомаңыз жоспардан да жоғары болып көрінсе, оның бірінші сұраған адамға қарызға беруге асықпаңыз.

Табысты күндер – 6, 7, 15, 23, 26, 31

Жағымсыз күндер – 5, 10, 12, 18, 21, 25

Дереккөз: Stan.kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика