1994 жылы өлген баланың жүрегі күні бүгінге дейін соғып тұрған

26 мая 2017

1994 жылдың қыркүйек айында жеті жастағы Николас Грин ата-анасымен бірге Италияға саяхатқа барады. Бұл саяхат оның отбасына орны толмас қасірет алып келген. Кешкі серуеннен қайтып келе жатқан Гирндер отбасына жергілікті қылмыскерлер шабуыл жасап, оқ жаудырады. Тура атылған оқ Николасты жаралап, ол ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін аман сақтап қалудың мүмкін еместігін жеткізген соң оның ата-анасы ең қиын шешімді қабылдап, ұлдарының ішкі ағзасын мұқтаж жандарға бергілері келетіндігін айтады. Солай істейді де…

Қайғылы қазаға ұшыраған Николас Гриннің аянышты тағдыры мен оның арқасында қаншама адамның аман қалғаны туралы қауесет ел арасына лезде тарап кетті. Сол бір қара түнен кейін Италияда донар болуға ниет білдірушілердің қарасы үш есеге дейін көбейіп кеткен. Әлеуметтану саласының мамандары мұны «Николдың әсері» деп атап кетті. 

Николастың жүрегі Андре Монджиардо есімді азаматқа берілген екен. Ол 2017 жылға дейін өмір сүрген.

Бүгінде Николас Гирннің есімі италиялықтармен қатар бүкіл әлемге жақсы танымал. Италияның өзінде  50 алаң мен көше, 27 саябақ, 27 мектепке оның есімі берілген. Елдің әр өңірінде 16 ескерткіш бой көтерген.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика