1986 жылғы желтоқсан көтерілісінде сотталғандар туралы қысқаша деректер

14 декабря 2018

Желтоқсан көтерілісі«Қасым» порталының электронды поштасына тарих ғылымдарының докторы Болатбек Нәсеновтің «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕЛТОҚСАН (1986) КӨТЕРІЛІСІНІҢ ТАРИХИ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАҢЫЗЫ»  халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын жолдаған «1986 жылғы желтоқсан көтерілісінде сотталғандар туралы қысқаша деректер» мақаласы келіп түсті. Бұл мақалада ұлт мүдессі үшін алаңға шығып, сол үшін айыпты болған азаматтардың тізімі берілген және олар туралы бірқатар тың деректер ұсынылған екен. Мақаланың үзіндісін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Ерлердің есімі есте қалуы керек!

Желтоқсан көтерілісіне қатынасып қорлық көрген студенттер, «интеллигенттердің» біразы туралы деректерді ұсынығым келді. Соның бірі ату жазасына кесілген студент Рысқұлбеков Қайраттан бастайық.

1. Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбаевич – 13.03.1966 жылы, с.Құл-Өзен Мойынқұмен района Джамбыл облысында туған. Студент ААСИ ПГС (тергеу ісі 1987 жылы 5 қаңтарда басталып сәуірдім 16-ында бітірген. 116 бет).
Оған қарсы жауап берген куәгерлер:
1) Гарин Ян Давидович – еврей, Республиканский радио-телецентрде ст.электромеханик.
2) Рыжкова Светлана Евгеньевна – звукооператор, орыс.
3) Дорошина Наталия Геннадьевна (1961 ж.) звукооператор, орыс.
4) Валяева Наталия Васильевна – звукооператор, орыс.
5) Курбантаев Радик Бахадирович (1964 ж.) – кинооператор.
Барлығы куәгерлер – 28 адам.
Олар 400 метр жерден Рысқұлбековты көрдік деп өтірік жала жапты.
Сотта Рысқұлбеков Қайрат: русским языком владею, но нуждаюсь в переводчике. Показания буду делать на казахском языке – деді.

Рықұлбеков сотта былай деді: прокурордың орынбасары маған сен Савицкийді ұрған менмін деп мойында 8 қаңтарда мен солай жазып бердім өйткені маған тағы да маңызды істер жөніндегі аға тергеуші: «Егер мойындамасаң онда саған ату жазасын береді, ал егер мойындасаң өміріңді сақтап қаласың деді. Маған сотта ол туралы айтушы болма» — деп ескеттті. Сол себепті мойындадым.мен үндемеген соң тергеуші Қарыбалов мені: «фашистсін», «Халық жаусың» деп аузына келген сөзді айтып, балағаттай бастады. Мен мұндай сөзді естіген кезде, жылап тұрып ол кісіден: «Мен бұлай атамауын өтіндім». Бірақ ол кісі менің айтқан өтінішіме құлақ қоймай одан әрі адамның жаны түргетін сөздері естірте берді.
Одан кейін тергеуші Абдрахманов мені сол 16 кабинеттен шығарып басқа жаққа апарып, болмаған істі мойындату үшін ұрып-соқпақшы болды. Ол бұл ойын барлық тергеушілердің алдында ашық айтты. Бірақ та ондай заңсызыққа, аға тергеуші Дубаев жол бермеді.

Тергеушілердің, соттың әділетсіздігіне бар жан-тәнімен наразы болған Қайрат арыздың ішіне мынадай өлең жолдарын жазыпты:

Жас болсам да тұзым көп татып көрген,
Заң жағынан білімім болмасада,
Іздеп келем өлгенше «шындықты» өрден.
Алайда, ең үлкен жалғандықты сот залында «а жхзамат соттан» көрдім.
Білгіңіз келсе, мұны да айтып берем- дей келіп.
Қазақ ССР-ы жоғарғы кеңесінің төрағасына арыз жазыпты. Сонда Мұқашев жолдасқа тағы да былайша арыз жазыпты.

Фонд 1680 оп.2 д.3346
Қазақ ССР-ның жоғарғы
Советі Президиумының Председателі
С.М.Муқашевке
Сот үкімі арқылы ең жоғарғы
жазаға кесілген жазаланушы
Рұсқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлынан
Кешірім беру туралы сұраныс.

…Мен ес білгеннен, осы уақытқа дейін әкем сиыршы, шешем сауыншы болып жұмыс істеп келеді. Әке-шешем семьяда сегіз бала тәрбиелеуде. ..Бәрімізде тату-тәтті, тәртіпті, еңбекқор болып өстік.
22 беттен тұратын арызда (15 бетінде) былай депті:
…Дубаев Ішкі істер басқармасының тергеу изоляциясындағы, мен жатқан №7 камераға, өзінің тәжрибесі мол жансызы Веселев Павелда мені болмаған істі мойындатуға азғырып үзіттеуге жіберді. Оның жансызы екенін кейіннен білдім.
Оның ішінде өлеңмен арыз жазыпты (22 бет).
Азамат сот осылай кәрін септі,
Кәрін септі жас гүлге өлім септі.
Жалғандықпен жаза алып, жанға батты
«Шындықты» таптап сот кетіп бара жатты.
Жас баланы, өр тағдыр өкпелетті.

Жалғандықпен заманың шетке тепті,
Жала жауаып, жалған көрсетуші
Куәгерлердің мерейі көкке жетті.
Қайта құру, әрі әділдіктің орнауы кеп,
Жатып атар жалғандықтың болмауы деп,
Жалғандыққа қарсы шығып «Адалдық» — деп.
«Шындықты» шешетінде уақыт жетті.
Сеніңіз мен шындықты айтып бердім.
Болған істі болғандай жазып бердім.
Шындықпен, адалдықпен, әділдікпен,
Көңіл бөліп шешеді-ау деп сізге сендім.
Біріншіден, туған анам алдында,
Екіншіден, Отан ана алдында,
Үшіншіден, сіздің де алдыңызда
Анамның ақ сүтінен ант етемін.
Сеніңіз, рухыңыздан өтінемін,
Жоқ еді,, ешқандай адам, өлтіргенім,
Сеніңіз қолымнан келмейді адам өлтіруде.
Сонда да өлтірді деп жаламен кестіруде.
Егерде жалғандыққа жол берсеңіз,
Дұрыс шешілген деп сот үкіміне де көнсеңіз.
Мен дағы ақталып не қылайын,
Шапсаңызда мейліңіз, атсаңызда
Мінеки, жазықсыз басым дайын
(істің 71 беті, хатының 21-ші бетінді).
Сіздің менің білдіршіндей жас екенімді, ұлы өмірге енді-енді қанат жайғанымды, қатарға қосылып сенімді ақтай алатын,дығымды, отан алдындағы өз борышымды адал қызметіммен атқарғанымды, жақсы істермді ескеріп мейірбандықпен кешірім беруіңізді өтінемін.

Қ.Н.Рысқұлбеков
2 шілде 1987 жыл.

Бұл ғажап хатқа жоғарғы сот жауапты 1987 жылы 22 шілде (№26187) былайша беріпті.

Президиум Верховного Совета Казахской ССР

Заключение по поводу помиловании
Рыскулбекова К.Н.

Общественный обвинитель Жумабаев Ж.М. от коллектива студентов и профессорско-преподовательского состава строительного факультета архитектурно-строительного института просим определить Рыскулбекову строжайшую меру наказания.
Учитывая исключительную тяжесть совершенных преступлений и личность осужденного, полагаю что ходатайство о помиловании Рыскулбекова К.Н. следует отклонить.

Председатель Верховного суда Каз.ССР Т.К.Айтмухамбетов

2. Әбдіқұлов Мырзағұл Тәхіғұлұлы Шамалғанда жүргізуші дайындайтын комбинатта оқып жүрген. (1965ж.Қызылорда облысының новоказалы поселкесінде туған.Қазақ ССР жоғарғы соты өлім жазасына кесті. Қазақ ССР ының Жоғарғы кеңесінің сұрауына Республиканың Жоғарғы соты мен прокуратура кешіруге болмайды деп қарсылық көрсетіпті. ССРО жоғарғыкеңесінің төрағасы ГРОМЫК 20 жылтүрмеге ауыстырды.

Жазықсыз сотталғандардың бірі, нағыз патриот:
3 Сабитова Жансая Алькеевна – 1948 жылы Алматы облысының Балхаш ауданы Бақанас селосында туған. Қазақ, тұрмыста, бір баласы бар (1981 ж.т.), Алматының №19 кешкі орта мектебінде физикадан сабақ береді.
Соттың ұйғарымында былай депті: Сабитову Жансаю Алькеевну признать виновной по ст.ст.60-65 Уголовного кодекса Каз.ССР назначить 5 лет лишения свободы.
Сабитова Ж.А. пошла против государства, против власти, против русского народа. Согласно показаний Сабитовой Ж.А., которые она ни разу не меняла, она действительно вечером 18 декабря 1986 года готовила плакаты.
Жансая Алькеевна сотта мынадай батыл сөздер айтыпты:
«Я не отрицала и не отрицаю, что изготовила листовки и плакаты. Мотивы для таких действий были таковы:
1. Неправильно решенный национальный вопрос, послуживший предпосылкой для сталкивания вполне дружественных народов.
2. Идентичность негативных явлений по всему Союзу и непонятно почему поставили в пример Казахстан – Россия.
3. Очевидная односторонность в оценке, происходящих событий, данная в официальном совещании по радио 18 декабря 1986 года после 20-00 часов, в частности обвинение молодежи, самой безвинной части советского общества, которую увещали теоретически честными, справедливыми, гуманными и всеми другими высокими моральными принципами, а на практике показывали примеры совершенно противоположные и опять оказались виновными меньше всех виноватые.
Отсутствие пунктов по сбору общественного мнения, которые явились бы внушительным подтверждением демократизации провозглашенной Апрельским (1987 г.) Пленумом ЦК КПСС.
Мне становится ясным теперь, что многие в том числе и я, не имея возможности высказать свое мнение по происходящим событиям оказались на скамье подсудимых.
Этот факт находится в глубоком противоречии с теоретическими концепциями наших законодательных органов – не создавать условий для выступлений, когда же это будет на практике.
Мои личностные качества – не праздно, а глубоко переживающего провидца возможных отрицательных явл
ений, происходивших в обществе задолго до декабрьских событий 1986 года (отказ от вступления в партию в 1976 году).
Представители органов внутренних дел с которыми мне приходится говорить, одержимы манией видеть за моей спиной каких-то лиц, идейно руководящих моими действиями. Я еще раз утверждаю, что за мной никто не стоит, а если внутренним органам удалось их установить буду рада познакомиться, в противном случае, намеки необоснованные, считаю не делают чести нашей Фемиде». Міне ғажап. Қандай батыл айыптау.

4. Уваков Аркен Батталович – 1930 жылы Павлодар облысының Щербақты ауданы Тайқүйған ауылында туған. Қазақ. Мәскеуден тау-кен институтын бітірген. Үш баласы бар. Мәскеудің институтын очно аяқтап — геология барлау институтының сыттай оқитын аспирантурасын 1965-1966 жылы бітіріп техника ғылымдарының кандидаты атағын қорғады. 1966 жылы Қазақ политехникалық институтының аға оқытушысы болып тағайындалды. Одан кейін доцент болып сайланды. 1971 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінде аға ғылыми қызметкер болып еңбек етті. Соңғы жылдары Архитектуро-құрылыс институтында кафедра меңгерушісі, доцент болды.
1975 жылдан Торғай геология барлау экспедициясының бас инженері болып жоғарылатылды. Екі ірі монографияны жазып бұрғылау ісіне жаңалық енгізді. Оның басқаруымен 1976 жылы Орлов геология барлау экспедициясында бұрғылау ісі алға басып өндірістің қуаты көтерілді. Бас инженер ретінде Уақов өте жігерлі, ынталы, басқару қабылеті жоғары маман ретінде көрсетті. Бұл Солтүстік Қазақстан өлкелік геология басқармасының берген мінездемесі.
Ал сотқа 4 (төрт) мәселемен жауапқа тартылды, Республиканың барлық облысынан, Өзбекстаннан, Мәскеуден Ұлттық қауыпсіздік комитетінің жауапты офицерлеріне (20-дай офицер) тексеру ісін тапсырды. Дәл осындай тексеру 1937-1941 жылғы «Халық жауларын» соттағанда да болмаған шығар.
1987 жылы 23 қаңтарда Уақовтың ісіндегі жауаптарға қысқаша тоқталайық.
Протокол допроса свидетеля Голубкова Николая Петровича – Тургайе бокситов рудоуправление – водитель автомашины (11 час.10 мин. до 12 час.40 мин.)
«В памяти у меня Уваков остается, как умелый организатор производства, очень энергичный и строгий. В то же время он был очень груб, самоуверен, не терпел мнение других людей».
Сотталған адамдардың ішінен ең ауыр іс Уақов Аркен Батталұлының ісі болды десек өтірік болмас. Әртүрлі сылтаумен бір өз басына, желтоқсан көтерілісінің қозғаушы күші, ұйымдастырушысы деп Мәскеуден арнаулы ҰҚҚ комитетінен офицерлерін шақырып 2 жыл бойына істі оңды солды тексерді. Оның бұрынғы істеген жерлеріндегі барлық мамандардан жауап алды. Тіпті Украина, Белоруссия, Ресейдің түкпір-түкпіріне ертеде кетіп қалған, бір кезде (10 жыл бұрын) бірге істеген шовинист-жалақорлардан да жауап алды. Тіпті бір студенттер бір жерде тұрған екен, аты бәленбай, соны табыңдар – деп Шымкент облысында алыс ауданда жатқан азаматты да бірнеше рет мазалаған. Сонда олар не іздегендерін өздері де біле қоймас.
«Студенттерге ала қарады. Қазақ балаларын ерекше құрмет көрсетті. Орыстарды қудалады», сабақты студенттерге қазақша жүргізу керек? – деді» — деп те айыптады.
Уақовтың көрген азабын бірде-бір желтоқсандық басынан өткізген емес дей аламын. Сотталғандардың ішінен Магаданға айдалғанда жалғыз болар. Көпшілігі оны ақтап сөйлеген.
Айыптау қорытындысында жауап бергеннің ішінде Торғай экспедициясында өзінің орнына алыстан үгіттеп алып келген бас инженері нағыз сатқандық мінез білдіріп былай депті: «…К лицам казахской национальности Уваков относился лучше, доброжелательно, добивался чтобы на должностях управленческого состава эеспедиции и поисковых партий назначались казахи. При этом он говорил мне при своем увольнении, а я оставался на должности главного инженера ТГРЭ, как бы давая поучительный совет, что при освобождении должностей казаха обязательно должен заменить казах». Увақовқа тағылған айыптар:
1. Обвинение в организации массовых беспорядков.
«В приговоре указывается, что Уваков будучи недовольный решением V Пленума ЦК Компартии Казахстана движимый националистическими чувствами, прибыв на дежурство в ночь с 17 на 18 декабря 1986 года после 12 часов ночи в общежитие №1 (ААСИ) в присутствии преподователей Адилова М.Ж., Касымбаева М.И., Парамзина А.М., студентов Оспанова Е., Амиржанова Б.К. и Ахимова О.Х. клеветнически описывая события, происходящие на площади им.Брежнева, разжигая националистические настроения, при этом Уваков упрекал присутствующих в том, что они не вышли на площадь и не присоединились к студентам.
2. Обвинение в нарушении национального равноправия.
Указанное обвинение по приговору суда заключается в следующем: «При приеме экзаменов у студентки Смирновой, которая изменила свою фамилию Ермагамбетова на Смирнову, подчеркивал национальную исключительность казахского народа, нанес ей оскорбления, говоря, что русские заполонили весь Казахстан, вас русских надо гнать из республики… Это нечто иное как злобное высказывание Смирновой лишено всяких оснований и считать установленным его нельзя».
3. Обвинение в получении взяток.
Суд признал установленным получение взятки от г.Афонина в виде кафельной плитки, стоимостью 208 руб.50 коп.
В приговоре указывается: «Что Афонин был вынужден дать взятку Увакову за содействие в сдаче экзамена по защите дипломной работы, в будущем указанное обвинение не соответствует материалам дела. Уваков заявляет, что кафельную плиту он купил у неизвестного гражданина, от Афонина плитки не брал.
Афонин по поводу передачи кафельной плитки дает противоречивые показания, неожиданно Афонин изменил свои первоначальные показания». Енді бір соттың ұйғарымында:
«Уваков А.Б. – 57 лет. Всю свою сознательную жизнь он честно и добросовестно трудился, об этом свидетельствуют материалы в делах. Имеет семью – жену и троих детей.
В настоящее время Уваков А.Б. тяжело болен. После перенесенной операции – удаления желчного пузыря в гнойном состоянии, постоянно возникают осложнения. Поэтому он часто болеет. Находится под постоянным наблюдением врача».
Уваков 7 жылға сотталып оның екі жылын Магаданда өтеді.
Уаков А.Б. ісінің сәтті аяқталуына Мұхтар Шахановтың еңбегі зор.
Мынадай хатты оқып көз жеткіземіз.

Комиссия
Президиума Верховного
Совета Казахской ССР
по окончательной оценке
обстоятельства, связанных с
событиями в г.Алма-Ате
17-18 декабря 1986 года

8 августа 1990 года.
Председателю
Верховного суда Каз.ССР
тов.Айтмухамбетову Т.К.

Уважаемый Тамас Қалмухамбетович!
Единственное уголовное дело по декабрьским событиям 1986 года, которое Комиссия не смогла рассмотреть, это уголовное дело Увакова А.Б., осужденного Верховным судом Каз.ССР по ст.ст.60,65 и 146 ч.2 поскольку оно полтора года находилось в Прокуратуре СССР.
В настоящее время дело Увакова передано на рассмотрение Верховного суда Каз.ССР по протесту Прокуратуры Каз.ССР.
Прошу Вас до рассмотрения дела в Верховном суде, передать его временно до 20 августа 1990 года в распоряжение Комиссии для рассмотрения независимыми экспертами, приглашенными специально по этому делу.

Сопредседатель Комиссии,
член Верховного Совета СССР,
народный депутат СССР М.Шаханов

5. Салихова Нағима Асқаровна – 1962 жылы 23 шілдеде Семей облысы Көкпекті ауданы Құмған селосында туған. Қазақ, тұрмысқа шықпаған, партия мүшесі. Алматының Бас киімдер тігетін фабрикасында бухгалтер-оператор болып еңбек етті.
1986 жылдың 19 желтоқсанында тұтқындалды Соттың шешімімен 3 жылға бас еркінен айырды. Соттағы бер-екі эпизодты айта кеткен дұрыс болар:
«Подсудимая Салихова Н.А. узнала 17 декабря 1986 года на работе и посетив общежитие женского педагогического института о происходящих в городе массовых беспорядках прибыла, с проживающей с ней в одной комнате в общежитии Алма-Атинской фабрики головных уборов Калимовой А.Г. 10 часам в сказанное выше общежитие, из националистических побуждений в целях продолжения массовых беспорядков и вовлечении в них работников фабрики, являясь членом партии и пользуясь связями и с этим определенным авторитетом, собрала группу работниц и сказала: «На площади представители власти избивают студентов», возбуждая националистические чувства призывала их к неподчинению органам гос.власти и администрации фабрики не выходить на работу, а идти на площадь.
Второй эпизод: В решениях суда: … Лично ее Председатель профкома Кучина вытащила из толпы, она обратилась к ней со словами: «Нагима, ты же коммунистка, что ты делаешь». Она пыталась удержать ее, но та ее не послушалась и присоединилась к толпе, которая уже сорвала замок на двери. Вместе с ними направилась на площадь, но в пути следования их разогнали. Она в суде заявила: «Кто дал право избивать студентов. И я и они выразили свое мнение. За что судить будете».
Бұл көтерілісті республиканың барлық облыстарының студенттерд қолдады. Оларда Алматыдағы милиция, солдаттардың аюандыктарына нарзылықтарын білдірді. Солардың бірі Қарағандының мед.институтының 17 жастағы 3 студент қыздары қарсылық көрсеткені үшін 1,5 жылға сотталды. 

6. Соның бірі Еркімбекова Алия Төрехановқызы (1969 ж. 25 ақпанда Шымкент облысы Кентау қаласы Байжансай поселкесінде туған). Қазақ. Қарағандының обл.соты 1,5 жылы соттады. Орындалуын 2 жылға шегерді. 5 листовканы орыс тілінде жазған.
7. Досанова Жанат Абдрахманқызы – 1969 жылы 15 майда Қарағандыда туған. 1,5 жылға кесілді. Орындалуы 2 жылдан кейін. 5 листовканы орыс тілінде жазған.
8. Мусина Гүлден Қанафияқызы – 1969 жылы 1 тамызда Қорғалжын ауданы Кеңбидайық селосында туған. 1,5 жылға сотталды. Орындалуын 2 жылға шегерді. 3 листовканы қазақ тілінде жазған.
Аудиториялардағы столдарға, кафедраларға листовкаларды стол ,орындықтарға қойған қ і.

9 Ташенов Түгелбай Тұржанович – 1961 жылы Қарақалпақ АССР Конград ауданы Конград қаласында туған. СМУ-37-де – ағаш шебері болып еңбек етті. Құрылыс техникумында оқыды (3 курсте). 15 жылға сотталды.
10. Көпесбаев Ертай Танырбергенович – 1966 жылы Семей облысы Шар ауданында туған (екінші бір жауапта Алматы облысы Қаратал ауданында туған). Әкесі Семей облысы Шар ауданында ауылшаруашылығы басқармасында бас ветеринар дәрігері болып еңбек етеді. 4 жылға сотталды.
11. Тайджумаев Жамбылбек Ходжамкярович – 1962 жылы 25 тамызда Жамбыл облысы Жамбыл ауылында 15 жылға сотталды.
12. Кузембаев Қайыргелді Қалияқпарұлы – 1959 жылы Көкшетау облысы Енбекші ауданында Степняк қаласында туды. 13 жылға сотталды: . .

13. Бисембаев Ерлан Берманович – 1964 жылы Қызылорда облысының Қармақшы ауданы «Ленинск» совхозында туған.
7 жылға сотталып сонынан 2 жылға бас еркінен айрылды.
Соттың шешімінде былай деген.
17 желтоқсанда (1986ж.) Алматынын зооветеринар институтының студенттері алаңға кетті дегенді естіп сабақтан кетіп сол алаңға келген. Онда: …В пути следования Бисембаев, находясь во главе колонны выкрикивал вместе с толпой националистические лозунги, длительное время нес в руках лозунги, содержание которых призывало к соблюдению равноправия всех граждан, независимо от национальности, утверждая, что это равноправие в Казахстане не соблюдается. В лозунге слова Ленина В.И.: «Ни одной привилегии ни одной нации, ни одному языку».
14. Тлегенов Жармұхамет Хажмұхамбетович – 1954 жылы 3 тамызда Қостанай облысы Орджоникидзе селосында туған. Казах, жоғарғы дәрежелі – педагог. Үйленген. 2 жаста баласы бар. Алматы да мем.театр.институтының 4 курсында оқыйды.
Соттың шешімінде: «17 и 18 декабря 1986 года в г.Алма-Ате на площади им.Брежнева принимал активное участие в массовых беспорядках, а в 10-11 часов 18 декабря 1986 года на пересечении улиц Фурманова и Сатпаева собралась значительная толпа вооруженная палками и продолжала бесчинствовать.
Тлегенов Ж.Х. выступил в роли организатора и подстрекателя массовых беспорядков».
Соттың шешімімен 5 (бес) жылға бас бостандығынан айырылды.
15. Сарсембекова Раиса Мурзабековна – 1963 жылы 23 желтоқсанда Павлодар облысының Экібастұз қаласында туды. Қазақ, орташа білімі бар, комсомол мүшесі. Қарағандыда жүк таситын автомобиль басқармасында бухгалтер-ревизор болып еңбек етіп жүрді.
Соттың шешімінде былай депті:
«Сарсембаева Раиса Мурзабековна, казашка по национальности, узнав из опубликованного в печати сообщения о состоявшемся 16 декабря 1986 года в г.Алма-Ате V Пленуме ЦК Компартии Казахстана, который избрал Первым Секретарем ЦК Компартии Республики русского по национальности, а также узнав о националистических выступлениях некоторой части студенческой молодежи в городах Алма-Ате и Караганде против принятого Пленумом решения, организовала 19 декабря в 23-00 часа 30 минут в комнате отдыха общежития Карагандинской обувной фабрики и перед собравшимися высказала свое недовольство избранием на пост Первого Секретаря – Колбина.
Сарсембаева с целью возбуждения национальной вражды и резни, стала пропагандировать якобы имеющее место принижения русскими – казахской национальности и культуры. Агитировала собращихся не выходить на работу и выступить в поддержку студентов….»
Соттың ұйғарымымен 2 жылға бас бостандығынан айырды.
16. Алиева Раушан Қинаятқызы – 1964 жылы 8 қарашада Ақтас селосында Қарағанды облысында туды. Қазақ Қарағанды университетінің физкультура факультетінің 5-ші курсының студенті. Оқудан шығарып тастады, тұрмыста жоқ. Қазір №134 аптекада санитарка болып істеп жүр.
Соттың шешімінде:
«Алиева с целью возбуждения национальной розни стала пропагандировать якобы имеющее место принижения русскими национального достоинства казахов и агитировал их выйти завтра 20 декабря 1986 года к зданию Карагандинского обкома. Говорила о том, что каждая нация имеет право устраивать свою жизнь, так как сами этого захочет».
Қарагандының обл. – сотының ұйғарымымен 1 (бір) жылға бас еркінен айрылды.
17. Нукенов Аманкелді Теміршатович – 1964 жылы 21 наурызда Павлодар облысының Железинск районы Захаровка селосында туды. Қазақ, үйленбеген. Целиноградтың ауылшаруашылығы институтының 2 курсінен оқудан шығарылды. Жатақхананың студкеңесінің төрағасы болатын.
Соттың ұйғарымында мынада сөздер бар:
… В результате работниками милиции задержаны и доставлены в Ленинский РОВД г.Целинограда более 170 человек. Из них 46 студентов сельхозяйственного института, 16 студентов автотехникума и т.д.
Нукенов ходил по институтам, техникумам агитировал студентов выходить на площадь возле Обкома партии. Нукенов А.Т. в результате принятых руководством сельхозинститута мер, из общежития выпущен не был. Целиноградский областный суд (Коллегия по уголовным делам) приговорил:
Нукенова Амангельды Темиржановича – признать виновным и подвергнуть к лишению свободы по ст.170-3 УК Казахской ССР к 3 годам с содержанием в исправительной трудовой колонии общего режима.
18. Иманбаев Ермек Қаштаевич – 1966 жылы 2 қарашада Алматы облысы Талғар ауданы Калинин селосында туды. СПТУ-4-тің оқушысы.
Соттың ұйғарымымен 3 жылға сотталды.
19. Айтмурзаев Құрманғазы –1964 жылы 7 қантарта Қарақалпақ АССР-ында Ташауыз ауданы Тельман селосында туған. 4 жылға сотталды.
20. Иманғабылов Бақтыбек Жұмабекұлы — 1965 жылы 10 наурызда Жамбыл облысы Қордай ауданы Қызылсай ауылында туды. СПТУ-дың оқушысы. 3 жыл 6 айға сотталды.
21. Сейтинбетов Усупхан Әбдікарымұлы – 1965 жылы 5 наурызда Шымкент облысы Келес ауданы Чапаев ауылында дүниеге келді. Қазақ театр институтының 4 курсының студенті. 3 жылға сотталды.
22. Капетов Амантай Дүйсенович – 1963 жылы 28 қаңтарда Шымкент облысы Кентау қаласында туған. Театр институтының студенті. 3 жылға сотталды.
23. Қасенбаев Мейрамғазы Жаппарұлы – 1962 жылы 7 қарашада Семей облысы Шар қаласында туды – 2 жылға сотталды.
Соңғы бесеу ұлтшылдықты дәріптеген 6 лозунгы жазған.
24. Сағнаев Асқар Шаяхметович – 1966 жылы 24 наурызда Целиноград қаласында туған. Қазақ. Партияда жоқ. Целиноград педагогика институтында оқыды.
Целиноградтың облыстық соты 1987 жылы 16 ақпанда шизофрения ауруынан еріксіз түрде емдеуге жіберілсін деген ұйғарым шығарыпты.
25. Саркенова Анар Женісхановна – 1968 жылы 11 қазанға Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданы Медведка селосында туған. 18 жастағы жас қызды 1 жыл 6 айға сотталған.
Ол Талдықорғанда заң техникумында оқып жүрген.
26. Қожахметов Хасен Карибжанович – 1949 жылы 9 тамызда Талдықорған облысы Бөрлітөбе ауданында туған. Қазақ телевидениясында музыка бағдармасының редакторы болып қызмет атқарған.
1977 жылы Алматы облысы соты 170 к статьясыми 2 жылға бас бостандығынан айырған. 1978 жылы 27 қыркүйекте Жамбыл облысы Жаңаөзен қалалық сотының шешіміммен шартты түрде 7 айға кесіпті.
Суд установил:
Подсудимый Кожахметов являлся одним из организаторов подстрекателей и активным участником массовых беспорядков, происходящих 18 декабря 1986 года на улицах г.Алматы при следующих обстоятельствах.
Приговорил:
Кожахметова Х.К. признать виновным в совершении преступлений, предусмотренных ст.ст.65 и 60 УК Каз.ССР и назначить по ст.60 УК Каз.ССР 2 года лишения свободы.
В соответствии со ст.37 УК Каз.ССР окончательное отбытие определить путем поглащения менее строгого наказания более строгим – 4 года лишения свободы с отбыванием наказания в ИПК строгого режима.
27. Қуандықов Ермұхамет Абдикаримович – 1963 жылы 17 қаңтарда Шымкент облысы Түркістан ауданы Жданов колхозында туды. Киров атындағы мем.университетінің инженерлік факультетінің 3-ші курсының студенты.
5 жылға сотталды.
28. Бекбосынов Асқарбай Абилдаевич – 1966 жылы Қызылорда облысының Арал ауданы Қойбашы ауылында туған. Қазақ. Комсомол мүшесі Алматы құрылыс техникумында оқыйды.
2 жылға сотталды.
29. Абылқаирова Гульнара Бердікожаевна – 1964 жылы 12 ақпанда Алматы облысы Кеген ауданының Сумбе ауылында дүниеге келді.
Алматы бас киімдер тігетін фабриканың тігіншісі. Он үш жылға сотталды.
30. Паникова Гулбира Төлебайқызы – 1966 жылы 2 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Больше-Нарын ауданының Ново-Березовка селосында туған. Аталған фабрикада істейді. Он екі жылға сотталды.
31. Шимаева Галимат Абеновна – 1964 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келді. Аталған фабрикада, тігінші болып еңбек етті. Қазақ.
Он екі жылға сотталды.
32. Рахымжанова Гульмира Алпысхановна – 1966 жылы 18 шілдеде Семей облысы Жарма ауданында Георгиевка селосында туды. Осы фабрикада тігінші болып жұмыс істеді. 2 жылға сотталды.
33. Лепесбаева Гульнара Сабырғалиқызы – 1964 жылы 29 наурызда Алматы облысы Балхаш ауданы Қара-ой совхозында туды. Осы фабрикада тігінші болып жұмыс атқарды. Бір жылға сотталды.
34. Мошанло Рустем Ибраимұлы – 1966 жылы Талдықорған облысы Кербұлақ ауданы Сарыбұлақ совхозында туды. Талдықорған педагогика институтының музыка пәні оқытушылық маманында 2 курсте оқыды. 2 жылға сотталды.
35. Махметова Айткул Абушахмановна – 1962 жылы 6 мамырда Жезказган облысының Жезді поселкесінде туды. Бір баласы бар (1984 ж. туған). Алматыда обл. полиграфиздатта печатник болып еңбек етіп. Алматы қалалық сотының ұйғарымымен 2 жылға сотталды.
36. Музафаров Алик Құндақбаевич – 1956 жылы 1 қаңтарда Гурьев облысының Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында туған. «Алма-Атапромстрой»дық СМУ-13-те тасқалаушы болып еңбек етті.
Соттың үкімімен 4 жылға сотталды.
37. Байғандиев Тилен – 1964 жылы Қарақалпақ АССР-ында Ходжайлы ауданында туды. Қазақ. Алматыда №1 автопаркте жүргізуші болып еңбек етті. 6 жылға сотталды.
38. Жалабекова Ержан Абдрахманович – 1959 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданының теке селосында туған. №1 автопаркте – автослесарь болып еңбек етті.
Соттың үкімімен: Жалабеков Е.П. – 5 жылға сотталды.
39. Арынғазиев Болат Төреғазиевич – 1958 жылы 28 декабря Орал облысы Шыңғырлау ауданында туған. Білімі орташа, партияда жоқ. Үйленген. Тұтқындалғанда дейін Алға қаласында жастардың спорт мектебінде бокстен сабақ берді.
40. Төлеуов Болат Қойшыбаевич – 1956 жылы 14 февраля Ақтөбе облысының Мұғаджар ауданында туған. Қазақ, білімі орташа, партияда жоқ. Үйленген. Тұтқындалғанға дейін Алға балалар жастар спорт мектебінде бокстен жаттықтырушы болып еңбек етті.
41. Тайбукенов Берік Қотырбаевич – 1959 жылы 27 февралде Ақтөбе облысы Алға қаласында туды. Білімі жоғары дәрежелі. Дене шынықтыру бөлімінің басшысы болып еңбек етті.
Бұл үшеуі туралы Ақтөбе облыстық соттың шешіміне тоқталайық:
… Около полуночи, 25 декабря, находясь в нетрезвом состоянии и вступив в преступный сговор между собой, решили совершать действия, направленные на возбуждение национальной вражды. С этой целью, взяв банки с масляной краской зеленого цвета, которую вынес из дома Арынғазиев Б.Т. Төлеуов Б., при участии Арынғазиева Б. и Тайбукенова Б. учинил надпись националистического характера на стенах зданий спорткомплекса и на заборе тубдиспансера по ул.Спортивной в форме г.Алги, в частности на стене здания большого спортивного зала они написали в форме лозунга: «Долой Колбина!!!», «Казахи – мы унижены».
Сот шешім қабылдады: Арынғазиев Б.Т, Төлеуов Б.К. – 2 жыл 6 айга, Тайбукеновты – 2 жылға бас еркінен айрылсын.
42. Чукаев Ғани Кадуович – 1950 жылы, Гвардейск ауданыны Колмогоровка селосында туған. Бір жыл шартты түрде кесілген.
43. Даулетов Женіс Садықұлы – 1959 жылы Алматы облысы Еңбекші ауданы Қаракемер ауылында туған.
4 жылға сотталды.
44. Халмұратов Құрбанбай Хайруллаевич – 1963 жылы 4 наурызда Қарақалпақ АССР-ы Ходжеминск ауданының Ахунбабаев совхозында туған. Қазақ. Алматы қаласының соты 5 (бес) жылға соттады. Қарағанды облысы Абай каласында сот жартысын қысқартты.
45. Арымбеков Жақас Қуатбекович – 1961 жылы 5 тамызда Жамбыл облысы Сарысу ауданының Комсомол селосында туды. Алматы «Поршень» заводында токарь болып еңбек етті.
5 (бес) жылға сотталды.
46. Ауезов Жалел Ауезович – 1966 жылы 5 маусымда Жезқазған облысының Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында туды. Қазақ. Алматы зоовет.институтының студенті.
5 (бес) жылға сотталды.
47. Жуандықов Болат Жүсүпович – 1965 жылы 27 мамырда Семей облысы Жарма ауданы Жанғызтөбе поселкасында туды.
5 жылға сотталды.
48. Құдайбергенов Расилхан Омарович – 1964 жылы 5 сәуірде Жамбыл облысы Сарысу ауданы Комсомол сельсоветінде туған. Алматының кинотехникумының 3 курсының студенті. 5 жылға сотталды.
49. Ермеков Тоқтар Тишкулович – 1960 жылы 16 қарашада Қарағанды қаласында туған. Алматы театр институтының 4 курс студенті. 5 жылға бас еркінен айырып қатаң тәртіп колониясына жіберілді.
50. Есбосынов Аманша Асетович – 1962 жылы 21 қазанда Қарақалпақ АССР-ының Конград ауданы Ахунбабаев ауылында туған. 3 жыл 6 айға сотталды.
51. Айтжанова Жанат Жаукеновна – 1966 жылы 28 казанда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Чарын селосында туды. Қазақ. Талдықорған педагогика институтының 3 курс студенті.
Талдықорған обл.соты 1 жыл 6 айға сотталды.
52. Шыныкулова Ләйла Бекеновна – 1968 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылында туды.
Талдықорған облыстық соты 1 жылға соттады.
53. Қайранбеков Бауыржан Икташевич – 1965 жылы 9 тамызда Талдықорған облысы Алакөл ауданы Қазақстан селосында туған.
Алматы архитектор-құрылыс институтында оқыған. Оны 3 жыл 6 айға сотталған.
54. Отарбаев Кенжебай – 1964 жылы 19 маусымда Алматы облысы Жамбыл ауданы Калинин колхозында туған. Алматыда СМУ-11 – сварщик. 4 жылғы сотталған.
55. Еспенбетов Қаншайым Мұқатовна – 1958 жылы талдықорған облысы Андреев ауданы Дзержинский поселкасында туған.
Талдықорғанның облыстык соты 3 жыл 6 айға сотталған.
56. Қарымғазина Гүлжан Ғазизовна – 1969 жылы 25 наурызда Шығыс Казахстан облысы Куршім ауданында туған. Өскөменнің кооп.техникумында 3 курс студенті.
2 жылға сотталған.
57. Рамазанов Амандық Сабитович – 1963 жылы Гурьев облысыны Денгиз ауданың Ганюшкино селосында туған. Киров заводында істеген. Сотталған.
58. Аймаханов Құттыбек Ауелбекович – 1962 жылы 1 қантарда Шымкент облысы Алғабас ауылында туған. СМУ-11 істеген.
5 жылға сотталған. Оны 3 жылға түсірген.
59. Мүлкібаев Өткірхан Қошқарович – 1969 жылы 10 қантарда Шымкенте туған.
3 жылға сотталып. 2 жылға түсірген.
60. Декелбаев Ерлан Абдурашитович – 1962 жылы 19 қазанда Семей облысы Жарма ауданы «Бөке» руднигінде туған, Қазақ. Радиотехник магазинінде – инженер болып еңбек етті.
6 жылға сотталған.
61. Қамбаров Қалдыбек Бүркітбаевич – 1963 жылдың 31 наурызында Жамбыл облысының Шу ауданының «Алға» совхозында туған. Алматының зооветеринар институтының 5 курсының студенті.
3 жылға сотталды.
62. Абдреев Еламан Кенесович – 1963 жылы 5 желтоқсанда Қызылорда облысынын Арал ауданында Сайғұнды ауылында туған. Қазақ. Комсомол мүшесі. Алматы құрылыс техникумының 3 курсының студенті.
3 жылға сотталды.
63. Рамазанов Асқар Райымбекович – 1964 жылы 21 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданы Қабырға селосында туған. Қазақ.
5 жылға сотталды.
64. Байболов Дүйсебек – 1962 жылы Жезқазған облысы Ұлытау ауданында туған, қазақ. Алматы электротехникумының 2 курсының студенті.
2 жылға сотталды.
65. Мергенова Бақшы – 1962 жылы 11 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Октябрь ауданы Афанасьевка селосында туған. 2 группалы мүгедек. Алматыда турады. Жұмыс істемейді.
2 жылға бас еркінен айырды.
Кейіннен 3 жыл шартты кесілімге ауыстырыпты.
66. Ақтанов Ербол Саркенович – 1962 жылы 1 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында Даирова селосында туған. Өскеменнің педагогика институтының 3 курсының студенті (филология факультеті).
Өскемен облыстык соты 1 жыл 6 айға бас еркінен айырды.
67. Рузиев Абайдулла Абдуллаевич – 1964 жылы Ұйғыр ауданында туған. Киров заводында үйренуші (ученик стерженник) болып істеп жүрді. Ұйғыр.
5 жылға сотталды.
68. Мусина Мәншук Жақатовна – 1967 жылы Гурьев облысының Балықшы селосында туған. Талдықорған заң техникумында 3 курсте оқып жүрген.
Талдықорған қалалық халық соты 1 жыл 6 айға сотталды.
69. Шекербеков Мұратбек Жандарбекович – 1969 жылы Жезказганда туған. Жезказган облысы Никольск қаласында №67 шахтада істеді. 2 жылға сотталған.
Сот қайта қарауы керек.
70. Рамазанова Гауһар Рахымбековна – 1967 жылы 17 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданы Қабырға аулында туған. Қазақ. Алматыда Гагарин атындағы тігін фабрикасында тігінші (швея) болып еңбек етті.
1 жылға сотталды.
71. Рахметов Құрманғазы Абденович – 1965 жылы 22 қаңтарда Семей облысы Мақаншы ауданында туған.
7 жылға сотталған.
72. Жолболдин Берікқали Елемесович – 1962 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Буденовка ауылында туған. Алматы Халық шаруашылығы институтының 2 курсында оқыды.
3 жылға сотталған.
73. Иманбаева Қаипқан Сүлтановна – 1950 жылы 22 мамырда ҚХР туған, қазақ. «Поршень» заводында токарь болып еңбек етті.
3 жылға сотталған.
74. Молдабаев Әділ Әбдетович – 1965 жылы, Шымкент облысының Бүгін ауданының Бүгін ауылында туған. Қазақ. Комсомол. Орта дәрежелі білімі бар. «Дорводзеленстрой»да бетонщик болып еңбек етеді.
3 жылға сотталған.
75. Жұмажанов Ерікжан Досаевич – 1964 жылы Семей облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылында туған. Қазақ, ауыл шаруашылық институтында 2 курс студенті.
3 жылға сотталған.
76. Асылбаев Молдағали Молдаханович – 1950 жылы 26 қарашада Алматы облысы Қаскелең ауданы Жандосов ауылында туған. 10 жылға сотталған кейіннен. 5 жылға түсірген.
Үйленген. Екі баласы бар.
77. Налыбаев Аманжол – 1943 жылы 10 мамырда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында туған. Үйленген, екі баласы бар. Білімі – жоғарғы дәрежелі. Жұмыс істемейді.
5 жылға сотталған.
78. Қасенов Рустамбек Қазырбекович – 26.02.1964 ж. туған Павлодар облысы Майек ауданында Киров совхозында тұрған. Қазақ. Алматы үй құрылысы комбинатының №4 цехында слесарь болып еңбек етті. 2 жылға сотталды. Ол жұмысшыларды үгіттеп алаңдағы балаларды қолдауға шақырған.
79. Исмагулов Орал Альманович – 1962 ж. 20 қыркүйекта туған. Көкшетау облысы Ленинград ауданы Восход селосында турған. Қазақ. КазГУдың тарих факультетінің 4 курсының студенті. Тұтқындалғанға дейін Экібастұз қаласында тұрды. Үй құрылысы басқармасында жұмысшы. КазГУдің берген мінездемесі бойынша «төрт», «бес» деген бағамен оқыған.
3 жылға сотталды.
80. Төкенов Қанат Женісович – 1969 жылы 5 маусымда туған (17 жаса). Қорғалжын ауданының «Арықты» совхозындың тұрғыны. Қазақ. І курстің студенті. 3 жылға сотталған.
81. Шабаров Алтай Қонысбекович 1960 ж. 12 желтоқсанда туған. Шымкент облысының Бөген ауданында Ермоловка селосының тұрғыны. Қазақ. Алматы үй құрылысы комбинатында №4 цехта қалып – құюшы.
3 жылға сотталған.
82. Есімбаев Қадыр Сейтқанович – 1965 жылы 9 ақпанда туған. Семей облысы Мақаншы ауданы Мирное селосында тұрған Алматы ұй құрылысы комбинатында қалыптаушы болып істеді.
3 жылға сотталған.
83. Есіркепов Уызбек Шакирович (1964 жылы 15 майда туған. Шымкент облысы Ленгер ауданы «Советской» кохозында тұрған. Қазақ. Ауылшаруашылығы институтының өсімдіктер қорғау факультетінде І курсте оқыды.
5 жылға сотталды.
84. Есжанов Тынышбек Қарлыбаевич – 1964 жылы 17 желтоқсанда туған. Шымкент облысының Келес ауданы Актөбе сельсоветінде тұрған.
5 жылға сотталған.
85. Оразбаев Думан Тишанович – 1969 жылы 26 қарашадан туған (17 жаста). Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бесоба селосында тұрған.
3 жылға сотталған.
86 Абдиқадыров Беріктас Нүсіпович – 1963 жылы 13 желтоқсанда туған. Алматы облысы Нарынқол ауданы Сарыжол селосынан. Қазақ (инвалид ІІ группы). 2 жылға шартты түрде кесілді.
87. Байсимбеков Ержан Мамырханович – 1969 жылы 19 желтоқсанда туған (17 жаста). Алматы облысы жамбыл ауданы Самсы селосынан. Ауыл шаруашылығы институтының «Механизация» факультетінің 3 курсының студенті.
3 жылға сотталған.
88. Таубаев Бақтығали Артықбаевич – 1962 жылы 17 шілде туған. Қарақалпақ АССР-ында Кегенлі ауданында Нукус ауылында туған. Қазақ. АлматыАуезов ауданында құрылыс басқармасында балташы болып істеді.
4 жылға сотталды.
89. Егзеков Арыстан Қазымбекович – 1963 жылы 4 кыркүйекте Торғай облысы Есіл қаласында туды. Қазақ. Алматы құрылыс үйлерін жасайтын комбинатта істеді.
4 жылға сотталды.
90. Шыныбаев Нұрлан Алибекович – 1965 жылы 28 қантарда Алматы облысында Кеген ауданы Бөлексаз селосында туған. Қазақ Алматы политтехникумында 3 курсында оқыды.
8 жылға сотталды.
91. Қарабаев Шор Қалықович – 1951 жылы 3 қантарда Жамбыл облысы Мерке ауданының «Красный октябрь» селосында туған. Қазақ. Жоғары дәрежелі білімі бар. КазГУде проректорының кеңесшісі. 6 жылға сотталды.
92. Зияндин Алимұхамет Әбдіғалиұлы (1937 жылы Еңбекші қазақ ауданы қаракемер ауылынан .1,5 жылға сотталды. Мұрағатта ісі жоқ .
Жоғарыда сотталған батырлардың тізімі бұдан да көп болуы мүмкін. Бұл патриоттардың жазықсыздан 2-5 жылдай түрмеде отыруы қиянаттың қиянаты болды. Олардың жас өмірлеріне балта шабылды. Әр жыл түрмеде отырған кездері 10 жыл өмірінен айырғанмен тең болды. Кейіннен ағарып бостандыққа шыққанмен көпшілігі өмірмен ерте қоштасты.
Айтуға оңай. Ал олардың көрген қорлықтарын деректерден оқығанда жаның түршігеді.
Осы қайғылы оқиғаға нүктені Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 1 желтоқсандағы «1986 жылғы 17-18 желтоқсан уақиғасына қатынасқандары үшін жауапқа тартылған азаматтарды ағарту туралы» жарлығы қойды. Жоғарыдағы сотталғандар толығымен ағартылып істері қысқартылды.
Бұл оңайлықпен болған жоқ. Осы істе аса керемет табандылық көрсетіп, күш жігерін жұмсап, жан тәнімен қызмет еткен Халық ақыны, СССР жоғарғы кеңесінің депутаты Мұхтар Шахановтың еңбегін ерекше атау қажет. Соның қайсарлығының арқасында арнаулы комиссия құрылды.
Мен сол комиссияның құрылу тарихының куәгері болдым.
1990 жылы Финанс министрлігінде ең ірі басқарма «Мемлекеттік табыстар және салықтар» басқармасының бастығы, Коллегия мүшесі болдым. Сол жылы тұңғыш «Салық туралы» заңды жоғарғы кеңестің сессиясында қарады. Мен сол заңды жасаушылардың авторы болдым. Марқұм Тұрысов Қаратай Тұрысович – Комиссия төрағасының орынбасары Финанс министрі Абдықадыров Төлеубек пен бірге жоғарғы кеңестің үлкен залында бірінші қатарда екі қайраткердің ортасында отырдым.
Заң қабылданғаннан соң кенеттен Республика Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы былай деді: «Сессия өз жұмысын аяқтады. Рахмет. Енді залға сессия депутаттары мен үкімет мүшелері қалсын. Қалғандарыңыз залды босатыңыздар» — деді.
Мен тұра беріп едім Қаратай Тұрысович: «Болатбек, отыр. Тыңда» — деп мені жібермеді. Мен осы адамгершілігі зор азаматтың арқасында ойламаған жерден «желтоқсан қозғалысы» туралы мәселені талқылаған жиынның кәуісі болдым.
Мұхтар Шаханов өте байыпты, түсінікті түрде желтоқсан қозғалысы туралы баяндады. Оның баяндамасын талқылағанда сол кездегі Облыстық партия комитеттерінің шовинист хатшылары (ойымда қалғаны Канцеляристов – Павлодар облысы партия комитетінің бірінші хатшысы) Мұхтар Шахановтың баяндамасын теріске шығаруға тырысты. Тіпті: «Желтоқсан қозғалысына қатынасқандарды тегіс соттау керек, ату керек» — деген ұсыныстар жасады.
Міне осы сессияда депутаттар-қазақтар бір ауыздан Мұхтар Шахановты жақтап желтоқсан уақиғасын зерттеу үшін арнаулы комиссия құрды.
Қысқасы сол комиссияның арқасында сотталған патриоттар тегісімен ағартылды.

Болатбек Нәсенов,
тарих ғылымдарының докторы
«Қасым» порталы


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика