18 жастағы Назерке Әріпті зорлап өлтірген жігіт ұсталды

9 октября 2017

Алматы қаласының тұрғыны 18 жастағы Назерке Әріпті өлтірді деген күдікпен такси жүргізушісі құрықталды. Күдікті өз кінәсін мойындаған. 

 

 Tengrinews.kz порталының дерегінше, 8 қазан күні қылмысқа күдікті ретінде 1984 жылы дүниеге келген Алматы облысының Талғар ауданының тұрғыны ұсталған. Медеу аудандық ІІБ қызметкерлері күдіктінің қылмысын  ашуға қажетті дәлелдердің кешенін дайындап, оның айыбын мойынына қойып берген. Күдікті бар кінәсін мойындапды.

Алматы ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадиннің айтуынша, күдікті еш жерде тіркелмей, заңсыз жолаушы тасымалымен айналысқан. Ол өз қызметіне жүгінген Назерке Әріпті зорлап, артынша тұншықтырып өлтірген. Кейін қылмысын жасыру үшін мәйітті қала сыртындағы зират маңына лақтырып кетеді. 

Қазір күдіктіге қарсы сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика