Олимпиада чемпионы педофил болып шықты

2 августа 2017

Австриялық екі дүркін олимпиада чемпионы Петер Зайзенбахерге кәмелетке толмаған екі қызды зорлады деген айып тағылып, Киевтегі пәтерінде ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz

Венаның Жер қылмыстық соты өкілінің мәлімдеуінше, Грузия мен Украинада іздеу жарияланған Петер Зайзенбахер 1 тамыз күні Киевтегі үйінде тұтқынға алынған. Сот тыңдалымы өткен соң Украина билігі айыпталушыны Австрияға экстрадициялайды.

Жәбірленушілердің бірінің арызы негізінде басталған үш жылдық тергеудің нәтижесі бойынша 57 жастағы спортшыға айып тағылды. Тергеудің мәліметінше, ол 1990 жылдардың соңы мен 2000 жылдардың басында 14 жасқа дейінгі екі қызды зорлаған. Егер Зайзенберхтің кінәсі дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Еске сала кетейік, австриялық спортшы 1984 жылы Лос-Анджелесте және 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиадада 86 келіге дейінгі салмақта алтын алып, олимпиада тарихында екі рет қатарынан чемпион атанған алғашқы спортшы болатын. Ол 2015 жылдан бастап дзюдодан Әзербайжан құрамасының бас жаттықтырушысы қызметін атқарып келген. Әзербайжандық дзюдошылар Рио Олимпиадасында екі күміс медаль еншіледі.

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика